АЛТЫНОРДА
Новости

Далаптың асқазан ісігін тудыратынын білесіз бе?

АСТАНА. 3 мамыр. BAQ.kz — Американдық ғалымдар күніне үш рет далап қолданатын (помада) қыз-келіншектердің асқазан ісігі (рак) ауруына шалдығу қауіпі жоғары екенін анықтап отыр. 

Калифорния университетінің мамандары 30 танымал далапты зерттеу барысында олардың құрамында күрделі металдар — кадмий, хром, қорғасын және алюминидің бар екенін анықтаған.

Сондықтан ғалымдар әйелдер қауымына далапты өте сирек пайдалануға кеңес береді. Бүгінде Еуроодақ әйелдің ағзасына аса зиянды тиігізетін  далаптарды саудалауға тыйым салған. Алайда американдық косметика өндірушілерге мұндай талап қойылмаған.

 

http://www.baq.kz/kk/news/27650