АЛТЫНОРДА
Блог Дастана Ельдесова

Дастан ЕЛЬДЕСОВ. ШЫҢҒЫС-ҚАҒАННЫҢ ҚҰПИЯ ТАРИҒЫ

шынгысхан    Өткен мыңжылдықтың ірі оқиғаларының бірі – Шыңғыс-қағанның империясы пайда болуы жөнінде жұмбақтар мен аңыздар көп. Ұлы қағанның таңқаларлық тарихын зерттеп білуде КСРО кезінде «пантюркизмге» қарсы жүргізілген күрес өз дегенін істетті.

Таңқаларлық нәрсе, бірақ бұл анық: Шыңғыс-қаған дәуірінің негізгі қайнар көзі «Юань чао би ши» (1240 ж., Х1Х ғасырдың ортасында ашылды, орыс аудармасында «Асыл аңыз», 1941) тюркологтар кешенді түрде зерттеп білмеді. Нәтижесінде біз Шыңғыс-қағанның түріктен шығуын, осы заманғы түркі халықтарының, ең алдымен қазақтардың шығыс тамырларын білмейміз. Осы уақытқа дейін анықталмаған диалектте қытай иероглифтерімен жазылған «Юань әулетінің құпия тарихы» ішінде көп түркі сөздері мен атаулары бар. «Құпия тарихы», парсы тарихшы Рашид-ад-диннің (1247-1318) «Шежіре жинағы» және басқа деректерді ежелгі түркі тарихы мен тілдері арқылы терең үңіліп оқып білу бізге Шыңғыс-қағанның белгісіз тарихын ашады.

Онон мен Керулен өзендерінің арасында көшіп жүрген жергілікті тайпалардың арасында империя негізін қалаушысының руы келімсек болатын. Олардың ата-бабалары Теңіз, яғни Байкал көлін жүзіп өтіп келді. Шыңғыс-қаған және сол рудың мүшелері оның қоластындағы — бір тектес монголоидтерден сырт бейнесінде ерекшеленіп көзге түсетін. Қағанның бойы ұзын, көзі көк, шашы шикіл сары болатын, сол үшін оны «Күнкелбетті» деп атайтын.

Шыңғыс ата-бабаларының отаны Алтай таулары деп есептеуге болады, онда күйреуден кейін ежелгі түріктердің қалдықтары жасырынған, олармен байланысты қаған руы атауның маңызы көрсетеді. Боржигин-Борйигин (бөрі йегин) ежелгі түркіде «қасқырдың жиені», «қасқырдың ханзадасы» дегенді білдіреді. «Асыл аңызда» да айтылған: «Шыңғыс-қағанның ата-бабасы Бөрте Бөрі болған». Шынында да, қасқырдын аты аңызға айналған атабабасы екені Орталық Азияда тек ежелгі түріктер мен ежелгі ұйғырларда ғана белгілі. Түріктер өздерінің ру тарихын ханзада-баладан ұрықтаған қасқырдан, ал ұйғырлар қасқырға берілген қыздан бастайды. «Борйигин» этимологиясы сөздің шығуы шүбәсіз ежелгі түріктердің ру тарихы, шежіресіне байланысты. Олар өздерін өздері ата-бабаларының құрметіне «бөрі», ал қытайлықтар сол сөзді «фули» деп атады. Шыңғыстың немересі, Шағатайдың ұлы да Бөрі деп аталды.

конники

     Боржигин түріктердің қасқыр тұқымы секілді аналық ру болып табылады. Аты аңызға айналған Ару Гоа күйеусіз Бодончарды, боржигин руының негізін қалаушыны туады. Ол кішкене тайпаны өзіне қаратып, түріктің бодун-чур («тайпа көсемі») құрметті атақ алды.

Ұлы қағандардың рухы Шыңғысқа серік болды. Ол түркі қағандарының «Менгу Тенгри кучун» («Мәңгі Тәңірдің күшімен») деген ұран оған ту болды. Олар секілді Шыңғыс-қаған тау басында намаз оқып, күнге құлдық қылып табынды. Ол өзінің «Біліктерінде» түркі қағаны сыяқты сөйлейді. Тіпті оның

1

Темучжин есімі  (қытай үлгісінде түркі-моңғолша темурчи — «ұста») тарихқа

темір балқытушылар ретінде енген түріктердің көсібін көрсетеді.

Шыңғыс-қаған боржигин-қыяттан. Қыяттар боржигин руының бөлімі. Шыңғыстың әкесін Йесугай-Қыян деп атаған («Асыл аңыз»). Қыян түркі сөзі (қыр. «қатты аққан жамбыр суы», қаз. «қыян-кескі»). Осы сөзден ескі алтай көп санды білдіретін жұрнақтың -т көмегімен тайпа атауы пайда болды.

Мұнда анықтап айтар жәй, Темучжинға берілген титул (атақ) Шыңғыс-хан емес, Шыңғыс-қаған болатын. Бұл түрлі лауазымдар еді. Түріктерде хан жоғарғы басқарушы — қағанға бағынатын. Бұған қоса қаған титулы берілгендердің шежіресіне басым болатын түріктің тақмұрагерлерінің сыбағасалмақты-кезекті жүйесіне (тюркская удельно-лествичная система престонаследования) байланысты еді. Осы жүйеге сәйкес кіші інісі ағасына мұрагер, ал жиені, ханзада — немере ағаларына. Өз кезегін күткен мұрагерлер енші жерлерді басқарды. Бұл жүйе ғасырлар бойы жасады және ежелгі түріктердің көршілері  қытайлықтарға, тибеттіктерге, орталықтандырылған билігі бар көп тілді кидандарға тән емес еді. Боржигиндердің бірінші қағаны Темучжиннің ұлы атасы Хабул-қаған болатын. Жеті ұлы болған Хабул-қағаннан кейін оның айтуы бойынша немере інісі Амбағай қаған болды. Ол таучиудтардың рубасшысының ұлы (түрікше тайчи «тайлардың иесі, қожасы»). Он баласы болған Амбағай-қаған өлер алдында түріктердің жүйесіне сәйкес өзінің мирасқоры деп жиені, Хабул-қағанның ұлы Хутуланы атады. Қағандардың бұдан кейінгі тарауы Хутула-қағанның жиені және боржигиндердің ел басы Йесугай-баһадурге дейін байқалмайды. Йесугай өлгеннен кейін заңға сәйкес Амбағай-қағанның ұрпағы басқару тиіс және солай болды да.

Бұл жүйеге көңіл қоймаған авторлар бұдан кейінгі оқиғаларды тайчиудтерді сатқын болып, Йесугай жесірінің отбасын тастап кетті, ұлысты өздерімен бірге алып кетті, содан кейін Темучжиннің жауы ретінде қуғын көрсетті деп жазды. Ең дұрысы, керісінше былай болған: батыл мінезді жесір әйел және оның үлкен ұлы ежелгі дәстүр-салтқа бағынғылары келмей және тайчиудтердің қолбасшысы Тарғутай-Қырықтуктың басшы болуын мойындамады. Өйткені, өлер алдында Йесугай тек Темучжин туралы айтты ғой. Ал көңілді, семіз Тарғутай Темучжин жетім қалғанда оны тәрбиелеп, ақыл-кеңесін беріп отырады. Тек Темучжиннің шешесі ата-бабаларына ру атынан құрбандық ас беруге кешігіп келіп, ал бұл оның тарабынан тайчиудтерге деген құрмет емес деп қарап, олар көшіп кетуге ұйғарды.

Бақталастықта өгей шешесінің үлкен ұлын Бектерді өлтіргеннен кейін тайчиудтер Темучжинді тұтқынға алды. Тарғутай оны заң бойынша жазалады; зәбірге ұшыратты және де ру мүшесін өлтіруді тек ел басы шешетін еді, ал Темучжин ол дәрежеде емес еді.

2

 

Өзінің жоғарылап көтерілгеніне дейін Темучжин жеке ел ханы болды.

Меркіттерге қарсы одақтастармен шыққан жорық кезінде оның ұлысынан 10 мың сарбаздарды жинады. Темучжиннің тұтқындағы әйелін меркіттер ханша деп атады.

Темучжин сол одақтастары керейт ханы Тоғрылмен (түркі тілінде «жыртқыш кұс») туысы Джамуханың көмегімен күшейіп, оны Шыңғыс-қаған етіп

жариялаған кезде, сол Джамуха тайчиудтермен бірге оған қарсы шығады. Өйткені, олардың көз алдында Темучжинді қаған етіп сайлау заңды емес еді: боржигиндерде жоғары басқарушы кезекпен болатын. Сондықтан Джамуха Темучжинмен ажырасуға Хабул-қағанның ұрпақтары Алтанмен Хучарды кінәлі деп атайды, олар бірлесіп шешім қабылдап, қағанға оның досын отырғызады. Тежучжиннің сайлауы заңды болғанда олардың кінәлары негізсіз болар еді.

Оқиғалардың одан арғы қисыны алдын ала шешілген еді. Джамуха он үш тайпаның басында, ал одан кейін тайчиудтер, наймандар, меркіттер, татарлар, онгираттардың бір бөлігі және басқа тайпалардың біріккен қолының басында заңсыз тұрған Шыңғыс-қағанға қарсы күреске шығады. Джамуханы қағанға қарсы бағыттаған тайпалардың ақсүйектері сайлады. Уақыт өткен соң керейттердің Тоғрылы рудың мырзаларын жинады, солардын ішінде Алтан, Хучар және Шыңғыстың інісі Хасар бар еді. Ол кезде оның қарсыласы, бұрынғы одақтасындағы — «үйдегі адамдар» болды. Яғни, соғыс тайпа арасында емес, ол әлеуметтік, азаматтық еді. Осыдан барып Шыңғыс атақты руларды, ақсүйектерді қырып, ұсақ руларды, кешегі қызметшілерді, атқосшыларды, қарапайым сарбаздарды бағындырды, кейіннен олардың арасынан атақты қолбасшылар шығады. Атақты қолбасшы Жебе тайчиудтерде «үйдегі адам» болатын, Тарғутайдың қызметшісі Ная мыңбасы болды. Міне, сондықтанда 1206 ж. Шыңғысты қайтадан қаған етіп сайлау кажет болды, өйткені ақсүйектердің орнына «үйдегі адамдар» келді, олар қағанға ант берді.

шынгысхан

     Азаматтық соғыс болған уақытта Орталық Азияның үлкен бөлігінің әлемеутік келбеті ғана өзгермей, тайпалық тұрғыда жаңарды. Наймандар, керейттер, онгираттар, меркіттер және басқа ірі және белгілі тайпалар батысқа қарай ығысты. Бұл тайпалардың негізінен түріктердің титулдері мен аттары қалды және олардың көбі түркі тілді болды. Олардың орнына түркі-моңғол тілді татарлар, қарақытайлықтар, жүржендер және басқа ұсақ және кедей тайпалар келді. Оларды тірек еткен Шыңғыс өзінің заңсыздығын пайдаланып, өз руына жақын тайпалардың көздерін жойып жібереді.

Таңқаларлық жай, қағандардың отанындағы осындай барлық сілкіністерге қарамай олардың дәрежесін көтеру тәртібі ежелгі түркінің билеп төстеуші әміршілер кезінен бері өзгерген жоқ. «Сол кезде олар (жоғары дәрежелі төрелер) ақ киіз жайып, оған ханды отырғызып, былай деді: «Жоғары қарап, құдайды таны, төмен қарап ақ киізді көресің. Егерде сен жақсы басшы болсаң,

онда бүкіл дүние сенің басқаруыңа табынып, бас иеді және жарық ием құдай

3

саған бәрін береді». Бұдан соң төрелер ханның әйелін ақ киізге отырғызып, оларды жерден жоғары көтеріп, қатты үнмен дауыстады: «Барлық татарлардың патшасы және патшайымы» (П.Карпини).

Түріктердің қағандары абыз болатын, осыдан барып оны ақ киізге отырғызып «аспанға» көтереді. Олардың руникасында құдайға сыйыну атап

көрсетілген: «Тәңірідей, Тәңіріден жаралған түрік қағаны». Темучжинге бақсы

Теб-Тенгри: «Құдіретті құдай саған жер үстінде патшалық етуді сыйлады!» —   дейді. Тіпті, Шыңғыс мәртебесінде Жоғарыдан берілген дейді. «Құдіретті құдай сенің атың Шыңғыс-хан деп атауға бұйырды, өйткені шыңғыс шың деген сөздің көп санын білдіреді, сондықтан да Шыңғыс шың деген сөздің күшейтуі мағынасын білдіреді» (Рашид-ад-дин»). Бұл титулдың негізгі түркі формасы «Чыңғыз». -Ғиз, -ғыз жұрнақтары моңғол тілінде жоқ. Көп санды білдіретін мұндай жұрнақтар ежелгі түркі тілінде бар. Түріктің чың (қазақша шың «тау басы») -ғыз жұрнағының көмегімен Чыңғыз титулы пайда болды  — «Ең жоғары», «Ең ұлы» қаған, сөзбе-сөз дәл айтқанда «Сіздің жоғары мәртебеңіз» (орысша «Ваше Высочество»). Кеіннен -ғыз жұрнағы -ңыз жұрнағымен ығысытырылып шығарылады (қазақша  «шыңыңыз»).

Кең байтак даланы біріктірген Ұлы қолбасшысы әскери-әкімшілік құрылымын да қайтадан құрды. Шыңғыс әскерде он мыңдық жүйені толық қолданды. Ол екі қолдың онсаусақ саны негізінде болатын: сарбаздар он-оннан бөлінеді; ондаған жүз, жүзден мың, осылай кете береді. Сондықтан әскер түрікше ғол-қол («қол, отряд, әскер, қанат және т.б.») деп аталды.

1206 жылы қаған бұл жүйені бағынышты аумақтың барлық халқына енгізді, соларды 95 «мыңдыққа», 95 әкімшілік бірлікке енгізді; олар мың сарбазды жабдықтап отырды. Және Моңғол ұлысының құрылғанын жария етті («Асыл аңыз»). Міне, осы жерде «моңғол» атауының қалай ыққанына тоқталық. «Моңғол сөзі әуелі муңғол болып айтылды» (Рашид-ад-дин). Муң түрікше «мың» деп анықталады (алтай, тува, хакас және т.б.), ғол-қол — «әскер». Муңқол-моңғол «мың әскер», «мыңнан тұратын армия» дегенді білдіреді. Халық әскер «мыңдық» ұйымға ие болды. Бұл әскери-әкімшілік аты, ру-тайпа атау емес. Қайта керісінше, «мыңға» бөлу тайпалардың бөлініп, оңашалануына қарсы қойылды. Бұл атау алғашқы рет Темучжинның ұлы атасы басқарған кезде айтылады: «барлық Моңғолды Хабул-қаған басқарды». Мүмкін осы қаған боржигиндер арасында «муңқол» құрылымын енгізген болар.

1206 жылға дейінгі осы рудың мүшелері, сарбаздары ғана «моңғол» деп аталып келді. Тек бағынған тайпалардың арасында «мыңдық» ұғымдарды енгізгеннен кейін жаңадан құрылған ұлыс моңғолдық болып аталды және ұлыстың барлық тайпаларына таралды.

Шыңғыстың анасы мен бәйбішесі онгират тайпасынан еді (түрікше оң ерат — «алдағы, авангард сарбаздар»). Міне осы онгираттың халық жырында «хасаг терген» (қазақтың арбасы) сөз тіркесі кездеседі.

4

Қазақтың солқылдақ арбасына нар түйе жегіп,

Желе жортып жібереміз («Асыл аңыз»).

Қосарымыз «қазақ» атауы Әлемді Сілкіндіруші жаулаған үлкен аумақта кең тарады. Бірақ, бұл енді Шыңғыс-қағанның құпия тарихынан гөрі бізге жеткен, белгілі тарих.

Дастан ЕЛДЕСОВ

d.eldesov@mail.ru