АЛТЫНОРДА
Блог Дастана Ельдесова

Дастан Ельдесов. Жеке Крым Республикасы қалай пайда болуда

дастанДе-факто бұл Ресейдің Украинаға соғыс жариялағанын білдіреді: 1 наурызда Ресей президенті Владимир Путин ресейлік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Украина аумағына қарулы күштер енгізуге Федерация кеңесінің рұқсатын алды. Мұндай шешім қабылдауға жалпы Украинадағы, оның ішінде, Қырымдағы тұрақсыздық, себеп болды. Мұндағы жергілікті билік Жоғарғы Рада биліктен тайдырған президент Виктор Януковичке сенімділік білдіріп, адалдық танытатынын жариялады..

Әскери төңкеріс қалай жүзеге асты

Бұған дейін, яғни, 27-ақпанға қараған түні Қырым Жоғарғы кеңесінің ғимаратын  камуфляж нысандағы киім киген, ресейлік үлгідегі қару-жарақпен жеткілікті мөлшерде қаруланған 60 адамнан тұратын отряд басып алған болатын. Ғимаратты күзеткен Украина Ішкіісминінің қызметкерлері қуылып, ғимараттың шатырына Ресей Федерациясяның туы ілінді. Ғимаратты басып алғандар ішке Қырым Жоғарғы кеңесінің бір топ депутаттарын кіргізді. Қарулы топ бақылап тұрған депутаттар Антолий Могилевтің қызметтен кетуін қолдап дауыс беріп, жаңа үкіметтің премьерлігіне Сергей Аксеновты сайлады. Сондай-ақ депутаттар 30-наурызда Қырымның мәртебесі туралы референдум өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Осындай «десанттық» жолмен билікке келген Қырымның басшылығы Украинаның жаңа билігін мойындаудан бас тартты. Ресейлік БАҚ-тың хабарларына сәйкес, Қырым премьері, «Русское единство» қозғалысының көшбасшысы Сергей Аксенов 1-наурызда РФ президентіне аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету туралы өтініш білдірді. Осыдан кейін президент Владимир Путин елде тұрып жатқан ресейлік азаматтарды қорғау мақсатында Федерация кеңесінен Украинаға әскер кіргізуге рұқсат сұрады. Ресейлік билік «армия ресейліктерге қарсы күш қолданған жағдайда ғана әрекет етеді», деп түсіндіруде. Айтпақшы, түрлі көпе-көрнеу арандатушылықтарға қарамастан, мұндай фактілер орын алған жоқ.

Бірнеше күн өткен соң «айыру белгілері жоқ» қаруланған әскери адамдардың ресейлік әскери қызметкерлер екенін бейресми түрде (кейде ресми түрде де) мойындай бастады. Яғни, олар алғашында БАҚ-тар хабарлағандай «жергілікті халық жасағы» емес. Сонымен ресейлік әскерилер Сергея Аксеновты билікке алып келді, содан кейін ол Ресей басшылығына аймаққа әскер жіберуді өтінген. Десекте, де-факто 27-ақпанда орын алған болатын. Владимир Путин 26-ақпанда Украинамен шекарада жоспарланбаған әскери жаттығулар өткізу туралы бекерден бекер жариялаған жоқ қой. Мұндай қарбаласта Қырымдағы «десанттық» операцияны жүзеге асыру едәуір оңай еді.

крым

Сөйтіп, қарама-қайшы ахуал туындады: әскер жіберу туралы ресми өтініш жоқ, ал әскер кіріп кетті. Егер ресейлік әскерилер болмаса, түбектегі Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімшелерін қазармада қамап тастаған, Севастопольдегі әскери әуежайға баратын жолды бақылауға алған,  Симферополь орталығындағы, Қырым автономиялық республикасы Жоғарғы радасы ғимараты маңындағы, Балаклавадағы шекара бекетіндегі және тағы басқа жерлердегі әскери адамдар кімдер?

Тек 4-наурызда Ресей президенті сөз арасында түбектегі орыс әскерилері туралы былай деді: «Бір ғана қажеттілік болды, біз өзіміздің әскери нысандарымыздың күзетін күшейттік, өйткені оларға үнемі қоқан-лоқы көрсетіліп жатты,  сонымен қатар, біз Қырымға түрлі ұлтшылдық ұйымдар басбұзарларының тартылып жатқанын көріп отырмыз». Сонда, Қырым әуежайлары, қалалары, Қырым автономиялық республикасы Жоғарғы радасының ғимараты және т.б. ресейлік әскери нысандарға …жата ма?

Путин Украинаға әскердің кіргізілгенін жоққа шығаруда, ал Қырымда көзге түскен«айыру белгілері жоқ әскерилерді» «жергілікті өзін өзі қорғау күштері» дейді.

5-наурызда Ресейдің  қорғаныс министрі Сергей Шойгу де Қырымда ресейлік әскер жоқ деп  мәлімдеді, ал «Қырымның өзі өзі қорғау күштерінде» ресейлік армияның қарулануында тұрған «Тигрлар» мен «Рысьтардың» қайдан пайда болғандығын білмейтіндігін айтып, БАҚ беттерінде жарияланған ресейлік әскери техниканың суреттерін арандатушылық деп атады. Сөйтіп, «өз көзіме өзім сенбейміннің» керін келтірді.

Янукович: «Менің Ресейден әскери көмек сұрайтын ниетім жоқ»                           

«Десанттық» төңкерістен кейін, қырымдық жаңа үкіметтің 30-наурызда Қырымның мәртебесі туралы референдум өткізу туралы шешімінің заңсыз екені белгілі болды – Украина Конституция бойынша унитарлық мемлекет. Бұл туралы, атап айтқанда, конституциялық құқық жөніндегі жетекші неміс маманы Отто Лухтерханд жеткізді: «Қырым автономиялық республика деп аталғанымен не егеменді, не федералдық мемлекет емес. Қырымның мәртебесін Ресей Федерациясының субъектілерімен салыстыруға болмайды. Автономия  өкілеттігі тек  ауыл шаруашылығы, көлік, қоғамдық жұмыстар, туризм, мәдениет, экономикалық даму сияқты салаларға ғана қатысты. Бірақ саяси мәселелер Қырымның Жоғарғы кеңесінің құзыретіне кірмейді. Қырымның өз тағдырын өзі шешуге сілтеме жасай отырып,өз мәртебесі туралы мәселені автаномдық жолмен шешуге құқығы жоқ» (www.dw.de, 27.02.2014). Айтпақшы, ресейлік БАҚ-тың Қырымды ұлттық «пәтерлеріне» тарап кеткен бұрынғы Федеративтік Югославияның субъектілерімен салыстыруы да орынсыз.

Ендеше, премьер Сергея Аксеновтың Ресей басшылығынан аймақта бейбітшілікті қамтамасыз етуді өтінуі де заңсыз. Оның үстіне, Федерация кеңесі қарулы күштерді Қырымның аумағына ғана емес, бүкіл Украина территориясына енгізуге рұқсат берді (Сергей Аксенов – Украина президенті болғандай). Мұндай заңдық қиыспаушылық Украинаға «соғыс жариялаудың» себебін халықаралық деңгейде түсіндіру қажеттігі туындаған кезде байқала бастады.

Соғыстың осы алғашқы себебін түсіндіруде Ресей БҰҰ-на сілтеме жасаған жоқ, оған қарағанда салмақтырақ себеп тапты. Тарихи тұрғыдан алғанда, соңғы уақытта бір мемлекеттің екінші мемлекетке қарсы әскери әрекеттерде түрлі төтенше және ойдан шығарылған себептерді келтіруі «жақсы» дәстүрге айналғандай. Қырым кампаниясы да сондай сипатта болды.

Ресей Қырым аумағына әскер кіргізуді Виктор Януковичтің ресми өтінішімен түсіндірді. «Украинаның заңды сайланған Президенті ретінде Ресей Президенті Путиннен Украина аумағында заңдылықты қалпына келтіру үшін Ресейдің Қарулы күштерін пайдалануды өтінемін», – деген Януковичтің өтінішін БҰҰ-ның 3-наурыздағы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында БҰҰ жанындағы РФ елшісі Виталий Чуркин оқып берді. Чуркин, тіпті, Януковичтің Путинге 1-наурызда жазып, жолдаған-мыс үндеуінің фото көшірмесін де көрсетті. Бірақ, егер Ресей аумағында ешқандай әскер болмаса, көбісі солай ойлайды,  онда БҰҰ-да ол қағазды көрсетудің не қажеті бар?

Ал оқиғалар тізбегі баршаға ресейлік БАҚ-тан белгілі. 28-ақпанда биліктен тайдырылған Украина президенті алғаш рет көпшілікке шығып, Ресейде, Дондағы Ростовта баспасөз мәслихатын өткізді. Сол кезде біраз нәрсені айтқан ол Путиннің Украинада орын алып жатқан оқиғаларға үнсіздік білдіруіне таң қалып отырғаны туралы айтқан болатын. Бірақ осы орайда, тілшіінің «Сіз Ресейден әскери қолдау жасауды өтінесіз бе?» деген сұрағына: «Менің Ресейден әскери көмек сұрайтын ниетім жоқ.  Украина тұтас және бөлінбейтін болуы керек» деп, нақты жауап берген. Көптеген ресейлік басылымдар Януковичтің сұқбатын «Менің Ресейден әскери көмек сұрайтын ниетім жоқ» деген тақырыппен берген.

Айтпақшы, Янукович ресейлік әскерилер Қырымның аумағында-мыс деген қауесеттер туралы сұраққа да жауап берді. Янукович бұл туралы ақпарат алмағанын айтты. Украина экс-президентінің сөзіне қарағанда, ресейлік арнайы жасақпен Украинада барлығын, оның ішінде, оның өзінде қорқытқан көрінеді.

Естеріңізге салайық, Виктор Янукович «Менің Ресейден әскери көмек сұрайтын ниетім жоқ», деген сөздерді жұмада кешке айтады. Ал сенбіде түнде, яғни, 1-наурызда Қырымда Сергей Аксеновтың үкіметі жиналып,  Владимир Путинге елде орын алған жағдайға араласу жөнінде өтініш жасау туралы шешім қабылдайды. Таңертең Мемлекеттік Думаның кеңесі жиналып, депутаттар Путинге осындай мазмұндағы өтініш білдіреді. Тағы бірнеше сағат өткен соң, Путин оң шешім қабылдап, Федерация кеңесіне Украина аумағында әскерді пайдалану туралы сауал жолдайды. Бүкіл әлем естен танарлық жағдайда, мәскеуліктер шеруге шығуға дайындалуда: олар соғысқа қарсы бас көтере ме екен әлде әскерді кіргізуді қолдай ма?

крым

 Сонда Януковичтің бірнеше сағаттың ішінде өзінің танымына ғана емес, сондай-ақ өз еліне, өз халқына және Конституциясына сатқындық жасап, шет мемлекетті Украина аумағына кіруге шақырғаны ма? Егер бұл орын алса, Ресейдегі барлық арналардан (БҰҰ бойынша да) қағаз емес, оның бейне үндеуін көрсету керек еді. Ойдан шығарылған үндеуден кейін ірнеше күн өтті – оны растау немесе жоққа шығару үшін Януковичті көрсетуге болушы еді. Жоқ, көрсетпеді – оның орнына жүйеде Чуркиннің БҰҰ-дағы мәлімдемесінен кейін бұрынғы украиндық президенттің инфаркттен қайтыс болғаны туралы қауесеттер пйда болды.

Тіпті, Янукович РФ-сына әскери көмек көрсету туралы үндеу жасаса да, бұл Ресейдің Украина аумағына әскер кіргізуіне құқық бермейді. Американың БҰҰ-дағы Саманта Пауэр Чуркиннің мәлімдемесін шындықты білдірмейді және Украинаға әскер кіргізуді ақтауға тырысушылық деді. «Сонда Ресей БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссарының қолындағы құралға айналған ба», — деді ол мысқылдап. Пауэр Украина аумағында ресейлік әскердің болуын қауіпті әскери интервенция деп сипаттап, оны дереу тоқтатуды талап еті.

Жағрафияны өзгерту

1954 жылы РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «РКФСР құрамындағы Қырым облысын УКСР құрамына беру туралы» Қаулысы бекерден бекер қабылданған жоқ. Бұл жерде көп нәрсе, оның ішінде, экономика ортақтығы, аумақтық жақындық, Қырым облысы мен Украина КСР арасындағы тығыз экономикалық және мәдени байланыстар ескерілді. Қырым облысы солтүстікте континентпен жіңішке (8 шақырымға дейін) Перекоп мойнағы арқылы байланысады. Осы мойнақ арқылы Қырымға электроэнергия, су, азық-түлік және т.б. жеткізіледі. Өздеріңіз білетіндей, Қырым дотацияда – онда, тіпті, тұщы су да жоқ.

Енді Ресей автономияға 1 млрд доллар көлеміндегі қаржылай көмек беруге, сондай-ақ 5 млрд доллар көлемінде инвестиция құюға уәде беріп отыр. Мұның сыртында, ресейлік тарап Керчь бұғазы арқылы көпір құрылысын қаржыландыруы, сондай-ақ Керчь – Симферополь – Севастополь бағыты бойынша заманауи автомобиль жолын салып, түбекті ауыз сумен, электроэнергиясымен және т.б. қаматамасыз етуге көмек беруі мүмкін.

Яғни, тек жағрафия өзгермейді, сонымен қатар Қырымның экономикалық, саяси байланыстары да өзгереді. Десек те, президент Владимир Путин ресейлік биліктің Қырым автомиялық республикасының Ресейдің құрамына кіруін қарастырмайтындығын жеткізді.

Ресей әскерін Украина аумағына кіргізу тақырыбына оралайық.  Януковичтің «үндеуімен» болған қолайсыздық, жалпы, «соғыс жариялаудың» себебін түсіндіре алмау Украинада ресейлік азаматтарды қудалау, өлтіру басталады деген «үлкен үміттің» орындалмауынан туындады. Тіпті, арандатушылардың әрекеттеріне қарамастан, олар орын алған жоқ. Украиндық әскерилер де «айыру белгілері жоқ әскерилердің» арандатушылық әрекеттерінің жетегіне жүрмеді. Украиндық теңізшілер мақтауға тұрарлық салқынқандылық пен даналық танытты. Бұл арзан дүние емес.

Алайда Қырымдағы төңкеріс тәжірибесі Путинге Украинаның оңтүстігі мен шығысына жылжуға қажет. Ол жақта да «айыру белгілері жоқ әскерилер» бар автономиялық облыстардың пайда болуы мүмкін ғой.

Дастан ЕЛЬДЕСОВ,                                                                                                                         аударған Қайрат Матреков