Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистер Дебальцево қаласындағы үкімет әскерін қоршауға алды.
Сепаратистер жетекшісі Эдуард Басурин сепаратистердің Дебальцевоны Украинаның басқа аймақтарымен байланыстыратын автомагистральдерді басып алғанын хабарлады. Украина үкімет әскерінің өкілі Андрей Лысенко Дебальцевоның екі жақтан қоршауға алынғанын айтады.
Бұған дейін ресми өкілдер үкімет әскері Дебальцевоны тастап кетіп барады деген ақпаратты жоққа шығарып, сепаратистердің үкімет әскерін қоршауға ала бастағаны туралы мәлімдемелерін «асыра айтылған» деген. Дебальцево қаласы — биылғы жыл басынан бері Шығыс Украинадағы қақтығыс күшейген аймақтардың біріне айналған.
Сарапшылар сепаратистердің әскери жетістігі Минск келісімін сақтап, ққатығысты бейбіт реттеу мүмкіндігін азайтады дейді.
Эдуард Басурин Минск бейбіт келісімінің «бұдан былай күші жоқ» деп мәлімдеді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150129/330/330.html?id=26819176