АЛТЫНОРДА
Новости

ДИКТАТУРАҒА БОЙКОТ. «БАТЯ» ПРЕЗИДЕНТ БОЛЫП ҚАЛАТЫН БОЛДЫ

скачанные файлы«Теран», «Батыстың соңғы диктаторы», «орыс марионеткасы». Иә, бұл Беларуссия президенті Александр Лукашенкоға қатысты айтылатын теңеулер. Тұтас мемлекетті 1991 жылдан бастап жұмса  жұдырығында, ашса алақанында ұстап келе жатқан президент бүгінгі күннің ең талқыланып жүрген тақырыбы.

            Мәселе мынада:  Өткен демалыс күндері Беларуссияда президент сайлауы өтті. Оның нәтижесі жұма күні толық белгілі болады-мыс. Бірақ сарапшылар Лукашенконы бүгіннен бастап құттықтап жатыр. Бейресми ақпарттарға сүйенсек, ол сайлаушылардың 81% дауысын жинаған екен. Демек сөзінде тұрды.

            Бұлай дейтінімізге де себеп бар. Лукашенко дүйім жұрттың алдында өзінің мақсаты 80% дауысты жинау деп жариялаған болатын. Енді міне Алеша 5-ші рет қатарынан Беларуссияның президенті атанып отыр.

            Диктаторлық саясатқа Батыстың көз- қарасы айтпаса да белгілі. Сарапшылардың айтуынша теранның бұл сайлауда жеңіп шығатынына ешқандай күман болмаған. Міне, керек болса… Ендеше құтты болсын. Сайлауларда жеңетін, тік мінезді келетін, елге көмек беретін басшының аты кім? «Лу-Ка-Шен-Ко»…

            Лукашенконың жеңіске жетуімен серіктес мемлекеттің басшылары құттықтау жариялаған.

            Ендігі кезек мынада, Лукашенконың президент сайлауында жеңіске жетуіне тұтас Беларуссия орнынан тұрып, қол шапалақтап қуанды деуге келмейді. «Азаттық.орг»-тың мәлімдемесіне сүйенетін болсақ, «ескі-жаңа» президенттің қайта сайлауына байланысты елде толқулар болған. «Теран — кет», «Диктатураға бойкот», «Беларуссияның Лукашенкомен байланысы жоқ» деген қағаздары бар 200-ден астам азамат Минскінің көшесін шулатты келіп.

            Бірақ айта кетуіміз керек, бұл митингтер Лукашенконың әр сайлауынан кейін болатын үрдіс. Сондықтан «Батя»-ның көңіл күйі түсе қоймаған болуы керек.

            P.S. Айта кететін тағы бір жайт. Лукашенконың қарсыластары да ел арасында  атағы жер жарып, қауіп төндіретін саясаткерлер емес. Сайлау нәтижесі мынадай болады деп күтілуде. Сергей Гайдукевич 5,2% , Николай Улахович — 1,4%, Татьяна Короткевич — 4,9%, «барлығына қарсы» — 7,1%. Иә, бұл көрсеткішпен батыстың ең мықты саясаткерлері де жеңіспе жетпеген болар. Сөз соңы осы. Жығылған сүрінгенге күледінің кейпін киіп Лукашенко басқаратын елдің енжарлығын талқылап отырған жайымыз бар.

 

Аян АЗАМАТ

«Қамшы» сілтейді