АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Dolce & Gabbana тұңғыш рет хиджабтар топтамасын шығарды

20160108174432Әлемнің атақтылары да, қарапайым халық та кеңінен пайдаланатын Dolce & Gabbana бренді тұңғыш рет хиджаб пен Abayas киімдерінің коллекциясын шығарды.

 

Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осылайша, дизайнер Доменико Дольче мен серіктесі Стефано Габбана Таяу Шығыс елдеріндегі нарыққа арнап, хиджаб пен мұсылман қыз-келіншектер көп киетін Abayas киімінің коллекциясын тіккен.

20160108174436Таяу Шығыс елдерінің халқы «Lux» дәрежесіндегі дәстүрлі тауардан тапшылық көріп отырған қарқынды дамушы нарық. «Абая коллекциясы: Таяу Шығыстағы таң қаларлық талғам» атты коллекция ақ-қара түсті әдемі хиджабтардан, сондай-ақ, 2016 жылдың жазы мен күзінде сән болатын лимон,  түймедақ, раушан түстес маталардан тігілген сәнді абая көйлектерден тұрады.

Коллекция қаңтар айынан  бастап Таяу Шығыс елдеріндегі, сондай-ақ, Париж, Лондон, Милан қалаларының брендті бутиктерінде сатылып жатыр. Италияның сән үйі жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2013 жылы мұсылман тұтынушылар киім мен аяқ киімге 266 млрд доллар жұмсаған екен. Яғни, сарапшылар, мұсылман елдерінің дәстүрлі нарығын табысты нарық ретінде бағамдап отыр.

Источник: Stan.kz