Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы $1 үшін 379,81 теңге болды деп хабарлайды ҚазТАГ.
Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 7,01-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 379,5 – 380,5 теңге аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $35,1 млн болып, жасалған мәміле 39 болды.
Сол арада Алматы мен Астананың айырбас нүктелері АҚШ валютасын 380 теңгеден сатуда деп хабарланды kurs.kz сайтында.
Дереккөз: NUR.KZ