KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 261,64 теңге болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Валюта таңғы сессияға қарағанда 8 теңгеге арзандады. Ол кезде 269,96 теңге болған еді. 270 теңге шамасындағы бағам Қазақстанда бір тәулік бойы өзгеріссіз сақталды. Бұл Ұлттық банктің интервенция жүргізуінен болып отыр, оның жалпы көлемі — 694,7 миллион доллар.
Күндізгі саудадағы бірінші келісім 270 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға да осы. Ал ең төменгі баға — 257 теңге. Сауданың жалпы көлемі 101,4 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін доллар бағамының екі күннен бері өзгеріссіз тұрғаны хабарланған болатын. Естеріңізде болса, 16 қыркүйекте ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады
http://kaz.tengrinews.kz/