АЛТЫНОРДА
Новости

Донбаста соңғы тәулікте украин сарбазы қаза тапқан

Украина билігі соңғы тәулікте елдің шығысында қақтығыстан бір үкімет сарбазы қаза тауып, беруі жараланғанын хабарлады.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Зорян Шкиряк бүгін ресейшіл сепаратистерді атысты тоқтату жайлы Минскіде жасалған келісімді бұзды және үкімет күштерінің бақылауындағы Мариуполь қаласына жақын маңда әскери күшін нығайтып жатыр деп айыптады.

Бірақ ресейшіл сепаратистер өкілдері өткен түні Донецкіде ешқандай атыс болмағанын айтады.

Бейсенбіге қараған түні Қара теңіз жағасындағы Одесса қаласында ұлтшыл «Оңшыл сектор» ұйымының кеңсесі маңында жарылыс болған, бірақ ешкім зардап шекпеген. Төтенше оқиғаны полиция тексеріп жатыр.

БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша, Украинада 2014 жылдың сәуірінен бері алты мыңнан аса адам қаза тапқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26883468