АЛТЫНОРДА
Новости

Донецк әуежайындағы ұрыс аяқталды

Сепаратистер басып алған Донецкінің халықаралық әуежайында жүріп жатқан ұрыс 27 мамыр күні таңға жақын аяқталды. Украина әскері өкілінің хабарлауынша, операциядан ресейшіл сепаратистер жағы ауыр шығынға ұшыраған, бірақ қанша адам екені белгісіз.

Ресейшіл сепаратистер Донецк әуежайына 26 мамыр күні таңертең шабуылдаған еді. Бұған жауап ретінде украин әскері арнайы операция бастап, әуежайға әуеден соққы берген.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ұрыс 26 мамыр күні кешке қарай әуежайға жақын кварталдарға ойысқан. Сепаратистер жетекшісі Денис Пушлин «орыс халқын қандай да бір көмек қолын созуға» шақырды.

Ұрыс болған күні Украинада олигарх Петр Порошенконың ел президент болып сайланғаны жарияланған еді. Киевте сөйлеген Порошенко Украинаның орыс тілді шығысында «Ресейдің араласуынсыз тұрақтылық орнату мүмкін емесін» айтқан.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің Порошенкомен диалог орнатуға дайын екенін, бірақ Киев «өз халқына қарсы әскери операцияны тоқтатуы қажетін» мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140527/330/330.html?id=25399615