АЛТЫНОРДА
Новости

Донецкіде атыстан тұрғын мерт болған

Донецкіде өткен түнде болған атыс салдарынан жергілікті бір тұрғын қаза тауып, Киев ауданында бірнеше тұрғын үй бүлінген. Қалалық кеңестің баспасөз қызметі таңертеңнен бері Донецкіде атыс пен жарылыс дыбыстары естіліп жатқанын хабарлады.

Соңғы тәулікте сепаратистер атысты тоқтату туралы келісімді бірнеше рет бұзды деп хабарлады Донбасстағы арнайы операциялар баспасөз орталығында. Атап айтқанда, Тоненькое және Невельское елдімекендерінде украиналық әскерилер шебін атқылаған. Сондай-ақ, Донецк әуежайына оқ жаудыру жалғасып жатқаны хабарланды.

Луганск облысындағы Счастье қаласын атқылау салдарынан украиналық бір сарбаз және жергілікті тоғыз тұрғын жараланған. Облыстық әкімшілік басшысы Геннадий Москаль сепаратистердің «Град» қару кешенінен Бобровое селосы маңында милиция бекетін атқылап, екі адамның жараланғаны туралы хабарлады.

Донбаста атысты тоқтату туралы режим күшіне енгелі бері украиналық әскерилер мен сепаратистер «бітімді бұзды» деп бірін бірі үнемі айыптап келеді. Сенбі күні Украина, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық ұйымы өкілдері қарулы жанжалға тартылған екі жақ арасындағы 30 километрлік қауіпсіздік аймағының шегін белгілеуге кіріскені мәлім болды. Бітімге сәйкес, ауыр әскери техника түрлері Украинаның шығысындағы елдімекендерден алысқа әкетілуі тиіс.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26621202