АЛТЫНОРДА
Новости

«Дождь ТВ» эфирде қалу үшін күреседі

"Дождь ТВ" телеарнасының логотипі мен студиясыКремльдің телевизиялық монополиясына кедергі келтірген тәуелсіз теле, әрі интернет арна «Дождь ТВ» эфирден кетпеуге тырысып жатыр.

 

Төрт жыл бұрын Ресей медиа кеңістігіне қымсына шыққан жаңа жекеменшік телеарна талантты жастар мен жігерлі бағдарламалары, тәуелсіз саяси көзқарасы арқылы өз орнын тапты. «Дождь ТВ» Кремльге тәуелді басқа арналардан бірден ерекшеленді. Ресейдің қалалық орта тап өкілдері оған ерекше көңіл аударды.

2011 жылдың соңындағы үкіметке қарсы шерулер кезінде Дождь ТВ нақты, сенімді жаңалықтар мен комментарийлер беріп тұрды. Ресми БАҚ қабылдамаған Алексей Навальный мен Сергей Удальцов сияқты оппозиционерлердің пікірін халық осы арна арқылы ести алды.

Биылғы есеп бойынша, «Дождь ТВ» арнасын Ресейдегі 17 миллион отбасы тамашалайды, айына екі миллионнан астам интернет қолданушылары бар. Солайша ол табысты телеарналардың қатарына қосылуға жақын қалған еді. Бірақ кенеттен оны тарататын спутниктік және кабельді операторлар бірінен соң бірі арнаны өшіретіндерін мәлімдеді.

Наталья Синдеева, Дождь ТВ бас директоры. Мәскеу, 4 ақпан 2014 жылНаталья Синдеева, Дождь ТВ бас директоры. Мәскеу, 4 ақпан 2014 жыл

Сарапшылардың пікірінше, оған Кремльдің қысымы мен «Дождь» арнасының ресейлік медиа кеңістікте маңызды орын ала бастағаны себеп болған.
«Меркатор» сараптамалық тобының негізін қалаушы, оппозициялық бағыттағы мәскеулік сараптамашы Дмитрий Орешкин Дождь ТВ-дің маңызын былайша сипаттайды:

«Ресми саяси науқанды көрсетпейтін кез келген тәуелсіз телеарна Кремльге қауіпті. Олар басқадай балама жағдайды ұсынса, билік танымалдығын жоғалтады. Оны көрген адамдар басқаша өмір сүруге болатынын біледі».

ОПЕРАТОРЛАРҒА ҰСЫНЫС

Ақпанның 4-і күні күні тілшілермен кездескен телеарнаның ортақ меншік иесі Александр Винокуров пен бас директоры Наталья Синдеева «Дождь ТВ» БАҚ алаңынан жоғалмайды, бағдарламаларын Apple TV және басқа да сауда орындарында сатады» деді.

«Дождь» арнасының операторлары «қысымға шыдамай», арнаны өшіріп тастағанын растаған Винокуров оларға тағы бір ұсыныс жасады:
«Ресейлік барлық кабель операторларына айтар ұсынысымыз бар. 2014 жылы кез келген оператор біздің сигналды, контентті тегін тарата алады және оны абоненттеріне өздері қалаған бағамен сата алады».

«Дождь ТВ» арнасы құрылғаннан бері осындай батыл, әрі ағысқа қарсы жүзетін қимылдарымен ерекшеленді.

"Дождь" телеарнасының студиясында хабар түсіріліп жатыр.«Дождь» телеарнасының студиясында хабар түсіріліп жатыр.

Арнаның басын дауға қалдырған Ленинградқа қатысты сауалнама еді.
Телеарнаның: «Екінші дүниежүзілік соғыста 900 күн бойы қоршауда отырып, қаланың 1 миллион тұрғыны аштан қырылды. Оның орнына фашистерге беріле салған дұрыс па еді?» деген сауалнамасы «ұлттық намысқа тиді» деп сипатталды. Бірнеше ресейлік саясаткер «Дождь ТВ-ді» эфирден алып тастауға шақырды, тіпті «экстремизм» бабымен сотқа тарту керек деді.

Бірақ Орешкин сияқты сарапшылар сауалнама биліктің шамына тиіп жүрген арнаны құртуға сылтау болды дейді. Оның ойынша, әсіресе, көрші Украинадағы жағдайды көрсеткен хабарлары Кремльге мүлдем жақпаған.

«Сылтаулары тіпті күлкілі. Қазіргі режимге қауіп төндіргендіктен, арнаның үнін өшіру керек болды» дейді Орешкин.

БИЛІККЕ ҰНАМСЫЗ ӘРЕКЕТ

Кейбір интернет басылымдар мен газеттер салыстырмалы түрде еркіндікке ие болғанымен, Кремль тұрғындардың негізгі ақпарат көзі саналатын радио және тележурналистиканы тізгіндеп ұстайды.

Орешкин саяси тұрғыда түйткілді мәселелерді көтеретін «Эхо Москвы» радиостанциясында да өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті.

«Дождь ТВ» 2010 жылдың сәуірінде эфирге шыққан. Оны ресейлік биліктің айтқанынан шықпайтын арналардан көңілі қалған жастар құрған еді. Қазіргі Ресей премьері Дмитрий Медведев президент болып тұрғанда «Дождь ТВ» онымен жақсы қарым-қатынаста болды. Медведев тіпті Кремльге қарсы орналасқан «Красный Октябрь» фабрикасының аумағындағы арнаның студиясын да барып көрген болатын.

"Дождь" телеарнасының логотипі«Дождь» телеарнасының логотипі

«Оптимист арна» деген ұранды ұстанған «Дождь ТВ» жас мамандарға, зиялы қауымға және «шығармашылықпен айналысатын адамдарға» арнап жаңашыл бағдарламалар дайындады. Танымал актер Михаил Ефремов «Ақын мен азамат» хабарында саяси сатиралық жанрдағы Дмитрий Быковтың өлеңдерін оқиды. «Hard Days Night » пен «Собчак» сияқты бағдарламалары танымал ток-шоуға айналды.

2012 жылғы президенттік сайлау алдында тележүргізуші Ксения Собчак президент болудан үміткер тұлғалармен кездесіп, есте қалатын хабарлар жасады. 2013 жылы Мәскеу мэрін сайлау кезінде «Дождь» үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, арнайы бақылаушылар дайындап, дауыстарды санап шықты. Бақылаушылар бұны Ресейдегі ең таза өткен сайлау деп таныды.

«Дождь ТВ» – Винокуров пен Синдеева құрған үш БАҚ-тың біреуі. Олардың Slon.Ru атты сайты мен «Большой город» атты журналы да бар.

Том Бэлмфордтың мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

http://www.azattyq.org/