АЛТЫНОРДА
Новости

Дрезденде «исламдандыруға қарсы» шеру өтті

Германияның шығысындағы Дрезден қаласында қаңтардың 12-сі күні мыңдаған адам «исламдандыруға қарсылық» шеруіне шықты. Шеруге қатысқандар наразылық танытуға Париждегі шабуылдар себеп болғанын айтады.

PEGIDA («Батыстың исламдануына қарсы патриот еуропалықтар») әсіреоңшыл қозғалысы қаңтардың 12-сіне жоспарлаған акцияларынна бас тарту туралы Германия билігінің ұсыныстарын елеместен Дрезден мен елдің басқа да қалаларында демонстрациялар ұйымдастырды. Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель «исламның Германияға тән» екенін айтып, Париждегі шабуыл құрбандарына құрмет ретінде наразылық шерулерін өткізбеуге шақырған.

Дрездендегі демонстрацияға қатысушылардың кейбірі Германия туларын ұстап, қара лента тағып шықты. Наразылар «Олар еркіндігімізді жоя алмайды»,  «Біз — Шарлиміз» деген жазуы бар плакаттар ұстап шығып, Charlie Hebdo журналына шабуылдан қаза тапқандармен бір екендерін айтып ұрандады.

Ангела Меркель бұған дейін өзі және үкімет мүшелерінің көпшілігі қаңтардың 13-інде Берлиндегі Бранденбург қақпасында өтетін мұсылмандардың діни төзімділікті қолдау акцияларына қатысатынын мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150113/330/330.html?id=26790883