Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) мәліметтері бойынша, Батыс Африканың Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде қауіпті Эбола вирусынан қаза тапқандар саны бес мыңнан асты.
Қарашаның 9-ы күнгі дерекке қарағанда, бұл үш елде вирус жұқтырған 14 мың 68 адамның 5 мың 147-сі қайтыс болған. Вирус тараған басқа бес ел — Нигерия, Сенегал, Мали, Испания және АҚШ-та Эболаға шалдыққан 30 адамның 13-і дүние салған.
АҚШ билігінің мәлімдеуінше, желтоқсан айында Либерияға медициналық блоктарды салу үшін үш мыңдай әскерилер жіберіледі. Қазір Либерияда АҚШ-тың екі мың әскері тұр. АҚШ әуелде бұл елге төрт мың әскери қызметкер жібермек болған еді.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26689292