Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Эбола вирусынан қаза тапқан адамдар саны 10 мыңнан асқанын хабарлады.
Батыс Африкадағы індеттің негізгі ошақтары — Сьерра-Леоне, Гвинея мен Либерияда Эбола тарала бастаған бір жылдан астам уақыт ішінде 10 мың 4 адам қаза тапқан. Індеттен Малиде — алты адам, АҚШ-та — бір адам, Нигерияда сегіз адам көз жұмған. ДСҰ дерегінше, Батыс Африкада екпе уақтылы жасалмағандықтан, енді қызылша ауруы таралу қаупі бар.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150313/330/330.html?id=26898562