Даубайда салынып жатқан Ал Мактоум халықаралық әуежайы (Al Maktoum International Airport) ағымдағы жылдың 23 қазанында ресми түрде жұмыс бастамақ. Бұл туралы Англия Радио компаниясы хабарлап отыр. Әуежайдың негізгі құрылысы алдыңғы жылы аяқталған болатын, қазіргі жоспарда жылына 7 миллион адамға дейін жолаушы қабылдау көзделіп отыр дейді жоба жетекшілері. Аталған әуежайда Сауд Арабияның Нассер авияциясы (Nasser aviation) компаниясы мен Еуропа Чавез авияциясы (Chavez aviation) компаниясы тұңғыш болып бұл әуежайға жолаушы тасымалын жүзеге асыра бастайды.
Әуежай Жебел Али еркін сауда ауданының (Jebel Ali free trade zone) солтүстік жағына орналасқан. Бұл сауда өңіріне қазірге дейін 33 миллиард АҚШ доллары қаржы тартылған. Осы сауда орталығы толық қолданысқа берілгеннен кейін және әуежай құрылысы біткеннен кейін оның жылдық адам тасымал ретін 160 миллион ретке дейін жеткізу көзделсе, жүк тасымалын 12 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: almaktouminternationalairport.