Борис Немцов қаза тапқан күні оның жанында болған украиналық Анна Дурицкая «Дождь» арнасына берген сұхбатында «өзін тергеп жатқанын» және Ресейден шыға алмай отырғанын мәлімдеді.
Дурицкая Мәскеуде тұрып жатқан пәтеріне күзет қойылғанын да айтты.Ол бұған дейін Немцовты атқан адамның жүзін көрмегенін де мәлімдеген.
Борис Немцов ақпанның 27-сі күні Мәскеуде қастандықтан қаза тапты. 55 жастағы саясаткерге бірнеше рет оқ атылып, жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. Оны жерлеу рәсімі 3 наурызда Мәскеуде болады.
2 наурызда Мәскеудегі Пресненский соты түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды Немцовтың жерлеуіне жіберуден бас тартты.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26877873