АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қаңтардың 15-16-сы күндері Франция билігімен экстремизммен күрес шараларын талқылау үшін Парижге баратынын айтты. Ол мұны бүгін Үндістанның Гуджарат штатының орталығы Гандинагар қаласында мәлімдеді.
АҚШ президент Барак Обама әкімшілігі қаңтардың 11-інде Парижде өткен, терактілер құрбандарын еске алу маршына билік өкілдерін жібермегені үшін сынға ұшыраған. Маршқа бір миллионнан астам адам, оның ішінде әлемнің 40-тан астам мемлекеті басшылары қатысқан.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Парижге АҚШ-тың «ежелгі одақтасымен ынтымақтастығын нығайта түсу үшін» баратынын айтады.
Джон Керри Парижде Франция сыртқы істер министрі Лорен Фабиуспен кездесіп, 7-9 қаңтардағы терактілерден құрбан болған 17 адамды еске алмақ.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26788550