[:ru]
[:kz]
Мәңгілік Ел – бұл, ертеңгі күнді ашатын, болашаққа сенім ұялататын идея, бұл тұрақтылықтың мызғымас, берік нышаны...»
(Н.А. Назарбаевтың сөзінен
15 желтоқсан 2014 жыл)
Алматыдағы Қысқы Универсиада — 2017 басталуына санаулы айлар қалды. Жарысқа дайындықтар тікелей финишке шықты.
Кез келген халықаралық жарыстарды өткізуде орасан күш волонтерлерге түседі. Бұл ұйымдастырушылардың ерікті көмекшілері олардың ажырамас бір бөлігіне айналған. Волонтерлер жұмысының сапасына көп нәрсе байланысты.
Алматыда өтетін Халықаралық Қысқы Универсиаданы өткізуге көптеген жастар құлық білдірді. Олардың қатарында қазақстандық актерлер мен әншілер де бар. Отандық шоу-бизнестің бірнеше өкілдері студенттік ойындардағы ерікті комекшілердің формасын киіп көрді. Олардың ішінде Асылхан Төлепов, Динара Бақтыбаева, Гүлназ Жоланова және «Алау».бойз-бандасына қатысушылар бар.
— Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық тарихындағы ең ірі спорттық жарыстардың өтіне өзіміздің үлесімізді қосамыз!- дейді актер Асылхан Төлепов. – Универсиадаға 3 000 волонтер қатысады. Солардың бірі бол, қатарымызға қосыл!
– Егер сен белсендісің бе, шетелдік достарды іздеп жүрсің бе, дүние танымыңды кеңейткің келе ме – Универсиада волонтері бол! – дейді актриса Динара Бактыбаева. – Біз үлкен берекелі отбасымыз!
XXVIII қысқы бүкіләлемдік Универсиада 2017 жылдың 28 қаңтарынан 8 ақпан аралығында өтеді. года. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден 5 мыңнан астам студенттер қатысады. Үш мыңнан астам волонтерлер тартылады деп жоспарлануда.
Ойындар аясында спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар өткізіледі. Спорттың міндетті түрлері: мәнерлі сырғанау, шорт-трек, тау шағысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг. Қабылдаушы тараптан ұсынылатын қосымша спорт түрлеріне трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, коньки спорты және бенди.
2017 жылғы Алматы Халықаралық Қысқы Универсиадасының нышаны сұңқар. Оны жасаушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықтың, жеңілдіктің белгісі, ол энергияны және жеңіске құлшынуды білдіреді. Логотип динамикалық форманы бейнелейтін құс қанаты. Осы нышанға байланысты Халықаралық Қысқы Универсиаданың ұраны «Қанатыңды жаз!».
Ірі спорттың шараға дайындықтың инфрақұрылымдық базасы 2011 жылы салынған 7-ші қысқы Азиялық ойындардың объектілері болады. Соның ішінде «Сұңқар»шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы және Алматы облысындағы шаңғы биатлондық стадионы пайдаланылады. Сондай-ақ, «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбулак» тау шаңғысы курортында жарыстар өтеді. Универсиадаға қажетті Мұз сарайы, Мұз аренасы, Атлетика ауылы салынды. Спортың жаңа түрлері сноуборд («бигэйр») және фристайл («шаңғы акробатикасы») бойынша Алматының орталығында ашық аспан астында уақытша ғимараттар салынады.
Қазақстанның студенттер құрамасының сегіз қысқы олимпиадаларға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыттың ішінде Қазақстан құрамасының қоржынына 43 награда жиналды. Телеаудитория 1 миллиард адамды жинайды деп жоспарлануда. Хабар әлемнің 80 еліне таралады.
Универсиаданың операциялық бюджеті 17 миллиард теңгені құрайды.
Қазақстандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында Универсиада объектілеріндегі қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсету үлесі 50 пайыз болады. Халықаралық Қысқы Универсиаданы өткізгеннен кейін қысқы спорт түрлерінің ең жоғары деңгейінде салынған спортық инфрақұрылымды алматылықтар пайдаланатын болады.
[:en]
[:]