АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Егеуқұйрықтар адамға шабуыл жасауда

zt0fY65Py10EBn9e-lgАлматыда егеуқұйрықтар адамдарға шабуыл жасауда. Жыл басынан бері мұндай 152 дерек тіркеліп, олардың 75-і ауыр зардап шеккен.

Осыны ескерген мамандар қазір кеміргіштерді жою ісін мықтап қолға алған.
«Бұл аса қауіпті инфекцияларды зерттеу зертханасы. Бұл зертханаға бөтен адам кіре алмайды. Мұнда таза, кір деген зоналар бар. Бұл зертханаға тек қызметкерлердің ғана кіруіне рұқсат», — деді санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы директорының орынбасары Жұмаш Сандықбаев.
Алматыда егеуқұйрықтармен күрес жыл сайын жүргізіледі. Қазір Түрксіб ауданында бұл жұмыстар аяқталып қалды. Былтыр қаладағы атжалмандарды жою үшін 27 млн теңге бөлінген. Биыл қаражат көлемі ұлғайып, жүйелі іске 36 млн теңге қарастырылыпты.
«Алматы қаласы бойынша осы кеміргіштерге қарсы жыл сайын қомақты істер жүргізілуде. Өйткені кеміргіштер аса қауіпті ауру таратуы мүмкін. Жыл сайын 40 пайыз кеміргіштерден жұқпалы аурулар тудыруда», — деді Алматы қ. аса қауiптi жұқпаларға эпит жүргiзу бөлiмiнiң басшысы Саят Қауметов.
Шаһарда кеміргіштердің адамға шабуыл жасау дерегі тіркелген. Жыл басынан бері мұндай 152 оқиғаны көз шалыпты. Дәрігерлер олардың 75-іне иерсиниоз деген диагноз қойған. Есте болсын, тышқандар құтыру кеселін жұқтыруы мүмкін.
Baq.kz