АЛТЫНОРДА
Новости

Египеттегі қақтығыстарда 11 адам қаза тапты

Египетте қаңтардың 25-інде Хосни Мүбәракты биліктен кетірген халық толқуларына төрт жыл толуына орай өткен демонстрацияларда кемінде 11 адам қаза тапқан. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мерт болғандардың тоғызы — бейбіт тұрғындар. Ішкі істер министрлігі Каирдің солтүстік ауданында исламшылармен қақтығыста бір полицейдің оққа ұшқанын хабарлады.

Каирдің орталығында полиция 2011 жылы халық толқуларының орталығы болған Тахрир алаңына дейін шеру жасап бармақ болған жүздеген наразылық танытушыны қуып таратты. Экстремист деген күдікке ілінген тағы екі адам электр желісіне бомба қойып жатқанда болған жарылыстан мерт болған деп хабарланды.

Сенбі, қаңтардың 24-і күні болған 2011 жылғы халық толқуларын еске алу шараларында тағы екі адам қаза тапқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26813084