16 жастағы ағылшын қызы IQ тестің қорытындысы бойынша небір атақтыларды артқа тастады. Тіпті Эйнштейн де ақыл-ой жағынан одан төмен тұр.
Лорен Марбе ұстаздарын да қайран қалдырып келеді. Ақыл-ой дамуы көрсеткіші жағынан сыныптастарынан әлдеқашан озық тұрған дарынды қыз «Менса» ұйымы ұйымдастырған «ақылдыларды анықтау» тестінде мүлде қара үзіп шықты. Оның ендігі мақсаты, алдағы жазда өнер, физика, математика пәндерінен емтихандарды үздік тапсырып, Кембридж университетінде сәулет өнері бойынша білімін жалғастыру. Ол ғылыми мамандықтарды ғана ұнатпайды. Музыкадан да қабілеті күшті. Сондықтан да болар, елдегі өнер жұлдыздарының концерттерін үзбей тамашалайды. Қыздың қабілетін Стивен Хокинг, Билл Гейтс және Альберт Эйнштейнмен салыстыру арқылы анықтаған. Айталық, есімін атаған мықтылардың IQ қабілеті 160 болса, Лорендікі – 161 Айкын. |