«Эйр Астана» Талдықорғанға 14 қыркүйектен бастап ұшады. Бұл туралыTengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев хабарлады.
«Талдықорған әуежайының ұшып-қону жолағы Airbus ұшағын қабылдауға дайын. Рейсті «Эйр Астана» компаниясы орындайды. Алғашқы ұшырылу уақыты 4 қыркүйекке белгіленген болатын, кейін 14 қыркүйекке ауыстырылды. Облыс әкімдігі тарапынан барлығы дайын. Билет құны 18 мың теңге шамасында болады. Ұшақтар аптасына үш рет ұшады. Егер жолаушылар саны артса, рейстерді де көбейтеміз», — деді Өнербаев. Ол алғашқы рейстің кешігуі әуе компаниясы тарапынан болғанын айтты.
«Эйр Астана» баспасөз қызметі Өнербаевтың мәлімдемесіне түсінік берді. «Біз әлі ресми ақпарат таратқан жоқпыз. Талдықорған әуежайы біз үшін жаңа, сондықтан да дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді «Эйр Астана» АҚ өкілі Белла Тормышева.
Ұшып-қону жолағының ұзындығы 2,5 шақырымнан 3-ке дейін ұзартылды. Ені де 44 метрден 60-қа дейін кеңейтілді
http://kaz.tengrinews.kz/