Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатындағы магистраттық соттың төрағасы болып ел тарихында рет хиджабтағы мұсылман қызы тағайындалды. Заң саласында бұған дейін жемісті еңбегімен көзге түскен Урфа Масуд салық басқармасында да қызмет жасап, мақтауға ие болған екен. Ал, 2012-жылы заң колледжінде оқытушы да болған.
«Масуд ханымның қылмыстық істер және отбасылық құқық жөнінде тәжірибесі өте мол. Сондай-ақ, балалар құқығы қорғау бойынша да білетіні көп. Бұл оның жаңа қызметін абыроймен атқаратынына кепіл», – деп атап өтті Австралияның Әділет министрі Пакула Мартин.
http://www.muslim.kz/kk/