АЛТЫНОРДА
Новости

ЕЛБАСЫ МЕРКЕЛЬДІ САЙЛАУДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

d226b248064cb66658bfc8133a2bb93a«Президент Н. Назарбаев Германия Федеральдық канцлері Ангела Меркельге Христиан демократиялық одағының парламенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады», деп хабарлады Президент баспасөз қызметінен.

Жеделхатта сайлау қорытындылары А.Меркельдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі қызметі мен Германияның халықаралық рөлін нығайтуға бағытталған саясатына көпшіліктің көрсеткен қолдауының нақты дәлелі екені атап өтілген.
«Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге шығару үшін бірлескен күш-жігерімізді аямайтынымызға сенімдімін», — делінген құттықтау жеделхатында.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Федеральдық канцлерге зор денсаулық пен бақыт, ал достас Германия халқына мол игілік және бейбіт өмір тілеген.
Саясат
Иран президенті Обамамен кездесуден бас тартты
«Нью-Йоркте БҰҰ сессиясында жүрген Иран президенті Хасан Рухани американың президенті Барак Обамамен кездесуден бас тартты», — деп хабарлады lenta.ru. порталы.
Иран делегациясы президент Х.Рухани мен америкалық әріптесі Б. Обаманың кездесуі «тым күрделі» болады деп айтыпты. «Осыдан кейін ол БҰҰ бас Ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде екі ел арасындағы шиеленісті күшейтуге мүдделі емес екендігін және ядролық дауды шешуге қатысты шұғыл келіссөздерге дайын екендігін мәлім етті», — делінген хабарда.
Сонымен бірге Иран президенті ирандық ядролық бағдарламаның бейбіт мақсатта екендігін айта отырып, халықаралық санкция салу тәжірибесін сынға алды. «Президент ондай сакциялардан «саяси элиталар» емес, «қарапайым халық» зардап шегетінін атап көрсетті», — делінген хабарда.
Өз кезегінде изральдік делегация Х. Руханиді «шектен шыққан арсыздық» пен «екіжүзділік» танытып отыр деп айыптады. Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаниягудің айтуынша, осылайша Тегеран уақыт созып, ядролық қару жасап алмақшы.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/31055