АЛТЫНОРДА
Новости

Елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші Еуропамен салыстырғанда 2 есе жоғары – Жалмағамбетова

7e918af1a6e562a678b5d0c4abfafc08Елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші Еуропа елдерімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

«Біз халық санын 20-25 млн-ға жеткізуіміз керек. 2001-2011 жылдар аралығында бала туу өсімі бір жарым есеге өсті. Дегенмен, біз бала туу көрсеткіштері бойынша көрші Өзбекстан мен Тәжікстанға ілесе алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі таңда ана мен бала өлімі көп. Оның көрсеткіші Еуропа елдерімен салыстырғанда 2 есе артып отыр», — деді сенатор.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ


http://bnews.kz/kk/news/post/157361/