ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға және тексеруге полиграф аппаратының көмегі арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл ҚР Қарулы Күштерінде бірінші жартыжылдықта шақырылымға жауапты қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері полиграф аппаратында тексеруден өтеді деп жоспарлануда. Полиграф — бұл талап етілетін стимулдарға жауап ретінде адамның реакциясын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін техникалық құрал. Графика түрінде бейнеленіп көрсетілетін тыныс алу, жүрек қан тамыры жүйесінің, терінің электрлі белсенділігі іспетті мұндай физиологиялық тұрғыдағы көрсеткіштер электр сигналдарына ауысады.
Полиграфта зерттеу адамға мүлдем қауіпсіз, тек жауап алынатын адамның жазбаша келісімімен жүргізіледі. Полиграфтың көмегімен алкогольді, есірткі заттарын пайдалану, құмар ойындарға әуес болу, өзін-өзі өлтіруге әрекеттену, діни экстремистік ұйымдардың өкілдерімен жеке байланыс орнату, қылмыстық элементтер немесе шетелдік арнайы қызметтерге жәрдемдесу, рұқсат етілмеген қызметтік (құпия) ақпаратты тарату, қандай да бір жемқорлық әрекеттерге бару секілді деректерді анықтауға болады.
http://www.inform.kz/