АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЛАЛАРЫНДА ТҮРЛІ ЖАТ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ БОЙ КӨРСЕТУІНІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

photo_112348Дос  КӨШІМ, қоғам  қайраткері:

– Қоғамда  түрлі жат  әрекеттердің  бой  көрсете  бастауын  екі  түрлі  жолмен  түсіндіруге  болатын сияқты. Біріншісі – еліктеу. Қоғам,  билік назарын  аудару  үшін  шет  елде  түрлі акция  өткізу жолдары  қарастырылған.  Жалаңаш  шешініп,  денесіне білгілі бір  дүниеге  наразылығын  білдіретін  жазу  жазып  көшеге  шығу, әлем-жәлем  боянып  алу, ыдыс-аяқты  салдырлатып  шерулету, немесе  т.б. Осындай  еліктеулер бізде  де  бой  көрсете  бастады. Бәлкім  шет  елде  ол  қалыптасқан,  көз үйренген  жағдай  болуы  мүмкін. Бізде  бұл  – тым  оғаш  дүние. Тәрбиесіздіктің  белгісі.  Қазақ  қашанда «дат»  деп ойындағысын, өзге  әрекетпен  емес, тікке айтқан. Бұл  дұрыс. Екінші  бір  мәселе, бұл өз айтқанын  билік  тыңдамайтын,  қоғам  назар аудармайтын  болған  соң  осындай  оқыс  әрекет жасау арқылы  жұрттың назарын  өзіне аудару. Егер де қарапайым  жандардың  айтқандарына билік жүре  тыңдамай,  жауап  қайтарса  мұндай  тірлікке  ешкім бармайтыны  белгілі.  Бұған  меніңше,  билік  пен  қоғам  кінәлі. Бірақ  жағдай  осылай  өрби берсе, мұның  арты ешқандай  жақсылыққа  апармасы  хақ.

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

– Қалай  десек те, біз демократиялық  қоғамда  өмір  сүріп  жатырмыз.  Сондықтан либералдық қоғамның  бояуы бізде  қалыңдап  келеді.  Оны жат,  оғаш  әрекеттерден  көруге  болады. Түрлі  пиар,  шерулер, акциялар  өткізуге  болады.  Онда  саяси,  немесе  әлеуметтік  мақсат,  тіпті жеке  адамның  өзін  өзге  жұртқа таныту  үшін  жасаған пиары  болуы да  мүмкін. Бірақ  бәрі  заң  аясында  болғаны  жөн. Заңға  қайшы  болса  жазаланғаны  жөн.

Эльвира  КЕЖЕБАЕВА, байланыс  қызметкері: 

– Батысқа  еліктеу,  сонда  болып  жатқан  дүниені бізде  қайталудың  қажеті  шамалы. Қалай айтсақ та, біздің  қоғам Батыспен  салыстырып  қарағанда өзгеше. Еліктеудің жөні басқа. Біз өзге жұрттың  жақсы  жағын  ғана  қабылдап,  жаманынан  жиренгеніміз  жөн. Себебі біздің  қазақы  орта  үшін пиардың  абырой  төгер түрі  қажеті емес. Біздің  тәрбие басқа. Егер  өстіп әркім  ойындағысын жасай  берсе, онда қоғамның іріп-шіруіне алып келмек. Сондықтан  жат әрекеттерге  міндетті  түрде шектеу қойылғаны  жөн. Егер де наразылығын  білдіргісі  келсе,  абыройсыз  тірліктерге  бармай-ақ,  мәдениетті  түрде көкейдегі  ойын  қажетті  мекемелерге  барып  тікке айтқаны  жөн. Біздің  қоғам ашық  қоғам. Әркімнің  есті  сөзі  болса  ескеріледі  ғой  деп  ойлаймын.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

http://www.aikyn.kz/