АЛТЫНОРДА
Новости

Эмир Байғазиннің «Жаралы періштесі»

434_6ad80f299dabf97a5baf074015039f83Астана. 4 қыркүйек. Baq.kz — Эмир Байғазиннің «Жаралы періште: жарқын каникулдар» атты жаңа жобасы Берлин Халықаралық кинофестивалі аясында «Берлинале резиденциясы» жобаларды дамыту бағдарламаласының стипендиаты атанды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

   Киноиндустрия сарапшыларынан құралған әділ-қазылар әлем бойынша ұсынылған жобалардың ішінен алтауын таңдап алған. Ендігі кезекте алдағы 3 айдың (15 тамыз бен 15 қараша) аралығында бұл жобалар «Нипков» қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты бойынша бұл туындылар Берлин кинонарығына 2014 жылдың ақпан айында шығады.

Халықаралық кинофестивальдерде «А» сыныбы бойынша мойындалған авторлық киноларға қолдау көрсететін «Берлинале резеденциясы» бағдарламасы биыл екінші рет өткізіліп отыр.

Бұл бағдарламаға осы жылы өткен Берлин халықаралық кинофестивалінде үздік операторлық жұмысы үшін «Күміс аю» және немістің «Моргенпост» баспасының жүлдесін иеленген Эмир Байғазиннің туындысымен қатар Берлиналенің 2012 жылғы лауреаты Бенс Флигауф, Канн кинофестивалінің 2010 жылғы жеңімпазы Алистэр Бэнкс Гриффин, Берлиналенің 2013 жылғы жеңімпазы Себастьян Лелио және Элина Псикоу мен Хосе Луис Валле қатысады.

http://www.baq.kz