Алдыңғы фотогалереяда біз қазақстандықтарға өзгеше Астананы көрсетуге тырыстық. Онда ластанған және жол төсемі жоқ қаланың аудандары туралы айтылған болатын. Бұл фоторепортаж сол тақырыптың жалғасы болып отыр. Мұнда біз Қазақстанның заманауи елордасын басқа қырларын көрсетуге тырыстық. Бірақ біз бұл жолы жол мәселесін емес, пәтәр мәселесін қозғауды жөн көрдік. Айына 20 мың теңге — бұл Астанда пәтер жалдауға болатын ең төменгі баға. Дегенмен тұрғын үйлердің жағдайы сол ең төмен бағаға сәйкес. Бұл пәтерлерге сұраныс көбінесе Астананы жаулап алуға келген адамдардан болады. Бірақ осындай қымбат емес пәтерлерде 10 жылдай тұрып келе жатқан адамдар да бар, расында олардың бағасы 30 мың теңгеге жуық, мұндай үйлердің жағдайы жер үйлерге қарағанда жақсырақ. Тұрар Қазанғапов пен Ренат Ташқынбаев суперэкономклассты астаналық тұрғын-үйлердің тұрі қандай екенін көріп қайтты.
Бұл бір қабатты жатақхана астананың оңтүстік-шығысында орналасқан. Жергілікті тұрғындар пәтерді айына 30 мың теңгеге жалдайды.
Бөлмеде су құбыры мен жылу жүйесі бар. Тұрғындар қалған жағдайларын сыртта жасайды.
Бір бөлмеде тұрғындар ұйықтайды, тамақ ішеді, басқа да істермен айналысады.
Бұл әйел отбасымен бірге мұнда бір жылдан бері тұрып жатыр.
Тұрғындар мұндағы жағдайға шағымданбайды.
Бірақ кейде уақытша тұрғын үйлерінің тозығы жеткеніне алаңдайды.
Көрші екі бөлмелерге кіреберіс есіктер.
Дегенмен бұл пәтерді ешкім де уақытша деп санамайды.
Бұл ер адамнын есімі — Ерболат Омаров. Ол өз отбасымен мұнда он жылдан бері тұрып жатыр.
Осы уақыт бойы ол бар қолда бар заттарымен кішігірім пәтерін реттеп алған.
Үйде басқа пәтерлерді де жылытатын пеш бар.
«Жазда 30 мың төлеймін, ал қыста көрші үйлерге де от жағамын, сондықтан 10 мың төлеймін», — дейді Ерболат.
Сонымен қатар, аулада Ерболаттың өзі қазған дәретхана бар.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/fotoarchive/576/