АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ең тұрақсыз 10 валюта

foreks-valjutaАмерикалық «Блумберг» агенттігі әлемдегі ең проблемалы 10 валютаның тізімін жасап шықты. Оған ресейлік рубль, Оңтүстік Африка Республикасының рэнді, Бразилия реалы, тай баты, Сингапур мен Тайвань доллары, Чили мен Колумбияның песосы, Оңтүстік Кореяның воны және Перу солі кіріп отыр.
Олар бұл сәтсіз ондыққа негізінен Қытаймен тығыз сауда-саттық байланысының арқасында түскен. Бір ғана 2014 жылдың өзінде Оңтүстік Африка Республикасы экспортының 37%-ы және Оңтүстік Корея экспортының 30%-ы осы елге тиесілі болған.Ал юаньнің соңғы девальвациясы салдарынан аталмыш валюталар әлемдік қаржы нарығында біршама әлсіреп қалды. Сондай-ақ әлемдік экономика өсуінің бәсеңдеуі де бұл ондыққа үлкен қауіп төндіріп тұр.Юаньнің төмендеуі дамыған мемлекеттерден гөрі, дамып келе жатқан елдердің нарығы үшін ауыр соққы болып отыр. Бір жағынан, нығайып келе жатқан АҚШ доллары болса, екінші жағынан, қытайлық сұраныстың бәсеңдеуі тағы бар. Бұл қиындық ең алымен БРИКС елдерінде әсер етеді. Өйткені Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей мен Бразилия Қытайға қатты тәуелді,  дейді SEB банкінің Азиядағы бас сарапшысы Шон Йокота.
24.kz