АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ЕҢ ҮЛКЕН МЕШІТ АЛАТАУДА БОЙ КӨТЕРЕДІ

133-300x199Наурыз мерекесі – 22 наурыз күні Алматы қаласының әкімі Б.Байбек Алатау ауданында бой көтеретін шаһардың ең үлкен мешітінің іргетасын құю рәсіміне қатысты. Ұлыстың Ұлы күніне орайласқан іс-шараға қала басшысымен қатар, мешіт құрылысын мойнына алған кәсіпкер Кеңес Рақышев, Алатау ауданының басшылығы мен ақсақалдары, Алматы қаласы имамы, БАҚ өкілдері келді.

Бүгінгі алмағайып, тұрақсыздық заманын­да көпұлысты, көпвекторлы Қазақстанның ең үлкен шаһарында Алла үйінің іргетасы қалану іс-шарасы құрбандық шалып, Құран бағыштаумен басталды. Ақсақалдар бата берді. Алматы қаласының әкімі Б.Байбек иманды іс-шара басталған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен орайласқанын айтып, жиылған қауымды ұлық мерекемен құттықтады. Мешіт салуға ықылас танытқан кәсіп­керлерге рахмет айтты.

– Бүгін, Ұлыстың Ұлы күні Алматыда бой көтеретін 7 мың орындық мешіттің құрылысын бастап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келген жұмыс сапарында алматылықтармен кездесіп, осы мешіттің орнын белгілеп, іргетасын қойып кеткен болатын. Мешіт Елбасы ашып беріп, ерекше көңіл бөліп отырған Алатау ауданында бой көтеріп, Алматының ең үлкен мешіті болады.

Құрылысты бастауға Алматының дамуына үлес қоссам деп ықылас танытқан Кеңес Рақышев бастаған кәсіпкерлер келіп отыр. Бұл патриот азаматтар 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөліп, жаңа Наурызбай ауданында мектеп құрылысы, басқа да әлеуметтік нысандар құрылысы басталып кетті. Осының барлығы Елбасының сындарлы саясаты­ның арқасы. Алматылықтар, әсіресе, ардагер-ақсақалдар Елбасы саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды үнемі қолдап отыр. Бүгін де Наурыз мерекесі құтты, игілік ниеттеріміз қабыл болсын, – деді Б.Байбек.

Қазақстанның рухани орталығы – Алматыда Наурыз мерекесі осындай иманды іспен басталды.

 

Нұрлан СҮЙІН

http://almaty-akshamy.kz/