АЛТЫНОРДА
Новости

ЕО: Қазақстандағы сайлау ЕҚЫҰ талабына сай өтеді деп үміттенеміз

Еуропа Одағы (ЕО) Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы ЕҚЫҰ талаптарына сай өтеді деп үміттенеді деп мәлімдеді ЕО-ға төрағалық етуші Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич.

Бұл жайында ол 3 наурызда Брюссельде Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысқан Қазақстан-Еуропа ынтымақтастық кеңесінің отырысында айтқан.

«Біз президент сайлауы халықаралық ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары және адам құқықтары бюросының талаптары мен ұстанымдарына сай өтеді деп үміттенеміз. Мен ЕҚЫҰ және басқа да ұйымдар сияқты еуропалық ұйымдардың бақылаушылары сайлау барысы мен оған қатысты мәселелерді бағалауға көмектеседі деп ойлаймын» деген Ринкевич.

Ыдырысов бұған дейін Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын бақылауға халықаралық ұйымдар, шетелдік бақылаушылар мен ақпарат құралдарының өкілдері шақырылатынын мәлімдеген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26881047