[:kz]
Қазақ халқы ұл баланың тәрбиесіне қашан да үлкен көңіл бөлген. Ұл балаға жүйелі тәрбие беру үшін, оның бойына ұлттық сананы сіңіру керек. Ендеше психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:
- Әкенің тәрбиесі — ұл бала үшін маңызды. Жауапкершілікті сезініп, перзентіңіздің санасына жақсы дүниелерді сіңіре біліңіз және еңбекке баулыңыз.
- Ұл бала анасына жақын демекші, ұлыңыздың өтпелі кезеңдегі мінез-құлқына түсіністікпен қараңыз.
- Жақсы көрген қызы болса ақыл айтыңыз, ұрысып мазасын алмаңыз.
- Кімді дос тұтып жүр, не көріп, не тыңдап жүргенін байқаңыз.
- Жанына демеу болатындай өсиет әңгімелер айтыңыз.
- Жаны жабырқаса, құшақтаңыз еркелетіңіз. Ұл баланың табиғаты- сенгіш келеді.
- Туған-туыстың көзінше айғайлап ұрысудың қажеті жоқ. Бала өскенде қырсық, әлжуаз, кінәмшіл болып өседі.
- Қай мамандықты қаласа соны таңдасын.
- Еңбекке көбірек араластырыңыз, сіздердің қадірлеріңізді түсінетін болады.
- Мақтаншақ болмасын десеңіз тағы да еңбекке баулыңыз. Қазақтың батыр ұлдарын жиі айтыңыз, ұлттық құндылықтарды біле жүрсін.
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Балжан Қанапияева Нұрғалиқызы
http://anabol.kz/
[:]