АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ерлан Қарин: «Орбұлақ шайқасының 370 жылдығы ескерусіз қалмасын

история 2Әдетте, біздің елде әйгілі, ұлт тарихына еңбегі сіңген тұлғалардың ғана мерейтойлары аталады. Оның өздері де дұрыс, лайықты деңгейде аталмай жатады. Алаштың 90 жылдығы, одан кейінгі 95 жылдығы негізінен қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен болмаса, жәй бір күнтізбедегі дата болып қала берер ме еді, кім біледі. Ал белгілі бір оқиғаларға қатысты атаулы даталар жиі ескерусіз, қоғамның назарынан тыс қалып жатады. Осындай даталардың бірі — бұл еліміздің тарихында ерекше орын алатын Ұлы шайқастар.

Мәселен, 2000 жылы Тарих және этнология институты дайындаған «Қазақстан тарихы» 3-томдығында Бұланты-Білеуті шайқасы 1728 жылы орын алды деп келтірілген. Олай болса, биыл бұл шайқасқа 285 жыл. Әрине, басқа деректерде бұл шайқас 1727 жылы орын алған дейді, бірақ Абылай ханның да 300 жылдығын 2011 жылы емес, ал биыл аталып жатыр. Ал егер 1727 жылы десек те, демек үлкен датаны назарсыз қалдырғанымыз. Ал Бұлантыдағы шайқас қазақ-жоңғар соғысындағы шешуші шайқас болды, кейбір тарихшылар оның маңыздылыған 1941 жылы Москва түбіндегі шайқаспен теңейді.
Немесе, 1733 жылғы Өлентідегі шайқасқа биыл 280 жыл. Бұл шайқаста Абылай, ол кезде Әбілмансұр жекпе-жекте қалмақтың батырын жеңген деседі. Және ең бастысы, биыл атақты Орбұлақ шайқасына 370 жыл толып отыр. 1643 жылы Жәңгір бастаған қазақтың 600 батыры жоңғардың 50 мыңдық әскерін, Самарқандтан Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың қол келгенше ұстап тұрған. Орбұлақ шайқасы тарихтан біз жақсы білетін Фермопильдегі 300 спарталықтың 20 мыңдық парсы әскерімен болған ұрыспен теңестіруге болады. Алайда, кітап дүкендерінен «Тарихтағы атақты 50» немесе «100 шайқас» деген сияқты көпшілікке арналған кітап-альбомдарды алсаңыздар бұл шайқастар туралы бір сөз жоқ. Біздің елімізде дұрыс аталып, айтылмаса басқа бір елдерде қайдан білсін? Ал одан басқа, мен айтпаған, немес біз білмейтін басқа да айтулы даталар бар емес пе? Ал бұл даталар ұлттық рух пен патриотизмнің бір факторы. Көршілес Ресейде өткен жылы Бородино шайқасының 200 жылдығы қалай аталды — телеарналарда арнайы жыл бойы хабарлар, театрлық қойылымдар, кітап дүкендерінде балаларға арналған қаншама қызықты альбомдар шығарылды. Осыны бір ескерсек екен. Келесі жылы, 100 жылдық Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ әскерінің үлкен жеңісімен аяқталған 1729 жылғы Аңырақай шайқасына 285 жыл.
«Жебе» газеті,