АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ермек ерледі

Сенбі күні ережесіз жекпе-жектен Мәскеуде өткен аса ірі халықаралық турнир бірқатар мемлекеттің жүрегінің түгі бар жігіттерінің басын қосты. Солардың арасында Қазақстанның

өкілі де болды.
«Мәскеу түбіндегі шайқас» деп ата­латын жарыстың ұйымдастырылып келе жатқанына бірер жылдың жүзі бол­ды. Десек те жерлестеріміз оған тұң­ғыш рет шақырту алды. Қырағы ма­мандардың таңдауы қазақтың қай­сар ұлы Ермек Тлауовқа түскен екен. Тараз өңірінде туып-өскен ол бұған дейін грек-рим күресімен айналысып, елеулі табыстарға қол жеткізді. Спорт шебері деген атағы бар. Уақыт оза Тлауовтың аңсары ережесіз жекпе-жекке ауды. Бірақтар турнирлерде күш сынасып, өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бұл күндері ол «Алаш прайд» клу­бында жаттығады. Осы табыс­тары­ның арқасында Ресей астанасында ұйымдастырылған жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш дода­да 66 келі салмақта күш сынасқан Ермек панкратионнан Ресей чемпионы Сергей Минасянмен кездесті. Алғашқы кезеңінде-ақ қандасымыз өзінің мықтылығын мойындатты. Бәсеке барысында қарсыласын жығып алған ол «қылқындыру» әді­сін сәтті қолданып, айқын жеңіске жетті.

Айкын