Есентаева обырмен ауырған 12 жасар қызды болашақта «Кешьюге» алатынын айтты
Танымал продюсер Баян Есентаева ауыр сырқатқа ұшыраған қыз баланың арманын орындады. Мереке қарсаңында ол өзімен кездесуді армандаған Аружанның үйінде қонақта болды. Бұл туралы 365info.kz хабарлайды.
Аружан 9 жасқа келгенде, оның қауіпті сырқат обырмен ауыратыны анықталды. Дәрігерлер қойған қауіпті диагнозбен 3 жыл бойы күрескен Аружан түрлі химия терапияларды қабылдап, нәтижесінде сырқатты жеңіп шықты.
Бүгінде сабақтан қалмай, таеквондо үйірмесіне қатысып жүрген Аружан бала күнінен Баян Есентаеваның жанкүйері екен. Танымал тележүргізуші әрі продюсерді көрген сайын қызыға қарайтын ол Баянмен кездесуді армандаған.
Жақында Аружанның арманы орындалып, Баян Есентаева оның отбасында қонақта болды.
Құрметті қонақ құр келмей Аружанға iPhone, жүзік, ал анасына көйлек әкеліп берген. Қуанғаннан көзіне жас алған Аружанды Есентаева болашақта «Кешью» құрамына аламын деп қуантып кетіпті.
NUR.KZ
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/66679