АЛТЫНОРДА
Новости

 Еш себеп жоқ

Оңтүстік Кореяда жүрген жерлестеріміз үшін мазасыздануға еш себеп жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов хабарлады.


– Корея жарты аралындағы жағдайды мұқият қа­дағалап отырмыз, әзірге біздің министрлік азаматта­рымызды эвакуациялауға еш себеп көріп отырған жоқ», – деді Ж. Үсенов кешегі өткен брифингте. Ол мұндай қажеттілік туындаса, Сыртқы істер министр­­лі­гі қажетті шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді. Ве­домствоның мәліметтеріне сәйкес, Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандық­тардың саны 2,5 мыңға жуық, соның ішінде, 500 адам консул­дық есепте тұр. 500 адамның 300-ге жуығы – сту­денттер.

БАҚ-тардың хабарлауынша, Солтүстік Корея билігі спут­­ник ұшырғаннан кейін жағдай шиеленісіп кеткен, бұл жаңа­лық­ты бірқатар елдер баллистикалық зымыранның сынағы ретін­де бағалады. Ақпан айында КХДР үшінші ядролық сынағын өт­кізді. Сонымен қатар ел ішінде АҚШ-қа қарсы наразы­лық кү­шейе түсті. Мұның да себебі бар. Өйткені Сеул мен Вашинг­тон бірлескен әскери жаттығу өткізді. Ал өз кезегінде Пхе­ньян бұл шараны арандату деп атады. Осы оқиғадан кейін Сол­түстік Корея Оңтүстік Кореямен арадағы шабуыл жасас­пау және уақытша бітім туралы келісімдерді бұз­ды. Сондай-ақ Солтүстік Корея билігі шетел­дік­терге соғыс қаупіне байланысты Оңтүс­тік Ко­реядан шұғыл кету ту­ралы ойла­­нуға ке­ңес берді.

http://www.aikyn.kz