АЛТЫНОРДА
Новости

Есі кеткен ел Еуразиялық Одаққа кіреді

Ресей министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев Ресейдің СІМ мен Экономикалық даму министрлігіне Беларусь және Қазақстанмен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын мақұлдауды тапсырған.

«2014 жылдың 17 сәуіріне дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі (С.В.Лавров) мен Ресейдің Экономикалық даму министріне (А.В.Улюкаевке) Беларусь және Қазақстан Республикасымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын мақұлдауды және аталған келісімшартты бекіту жөніндегі федералды заң жобасын әзірлеуді тапсырамын», — делінген тапсырмада.
СІМ мен Экономикалық даму министрлігі аталған тапсырманың нәтижесі және Ресей президентіне жасайтын тиісті баяндама жобаларын РФ үкіметіне жеткізуге міндетті, деп атап өтілген РФ үкіметі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сөйтіп, кері кеткен Кедендік одақтан басы айналған біздің ел, есі кіресіл-шығасыл күйде Еуразиялық одақтың табалдырығын аттамақ. Қазақстан кәсіпкерлерін тығырыққа тіреп, мемлекет экономикасына айтарылқтай зардап әкелген Ресей «ұсынысына» қазақ билігі анда-санда күңк дегеннен басқа түк те қылған жоқ.

Ендігі үміт қара орман қазақтың өзінде қалса керек…

Masa.kz