[:kz]
Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданының 30 жастағы тұрғынын топпен зорлаған үшінші күдіктіні ұстады, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.
«Ер адамды Алматыда қашып жүрген жерінен облыстық полицияның жедел қызметкерлері қолға түсірді. Күдіктіден қазір Еңбекшіқазақ АІІБ жауап алуда. Облыстық, аудандық полиция төртінші күдіктіні ұстауға күш салып жатыр», — делінген хабарламада.
Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген әйелдің анасы — Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті.
Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті.
Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.
«ҚР ҚК 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде», — деді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
Казинформ
[:]