Астана. 14 қаңтар. Baq.kz – Украинада Майдандағы митингтермен байланысты жақында болған оқиғалар бейнеойынның негізіне алынды, деп хабарлайды Украинаның Сегодня порталы. Ақпаратқа сүйенсек, 4 қаңтардан бері аталмыш қосымша мың рет жүктелген екен.
«Ойын бір аптаның ішінде жасалды. Бұл біздің жеке бастамамыз болғандықтан көк тиын да жұмсаған жоқпыз. Ойынды жасау идеясы Еуромайданға байланысты өтіп жатқан оқиғалар кезінде туындады», — дейді бағдарламашылар.
Порталда жазылғандай, ойынның міндеті үш немесе одан да көп бірдей элементтерді көлденең немесе тігінен біріктіру болып табылады. Біріккен элементтер жоғалып кетеді де, орнына жаңалары шығады.
«Сұр түсті ойын алаңындағы әр деңгейде басқа түсті торкөздердің белгілі бір саны бар. Ойыншының міндеті — барлық басқа түсті торкөздерді жойып, деңгейден өту. Бонус алу үшін Еуроодақ, Украина нмесе Украина туының нышаны бар элементтерді біріктіру қажет. Аталмыш бонустар көмегімен бір қатардағы барлық элементті жоюға болады», — деп түсіндірді ойын авторлары.
http://baq.kz/kk/news/42097