АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Еуропаның индустриялық алыптарының таңдауы – Қазақстан

p_2009_11_14_001Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания мен Францияға сапарының нәтижесі – он бір миллиард доллар

Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы Ұлыбритания мен Францияға ресми сапарлары, жетекші экономист-сарапшылардың пікірлерінше, Қазақстанның аталған ал­дыңғы қатарлы әлемдік ин­дустриялық державалармен инвестициялық және сауда ынтымақтастығында шешуші рөл атқарды. Қазақстан делегациясы бұрын-соңды бол­маған табысты келіссөздер жүр­гізсе, нәтижесінде орасан зор сомаға – 11 млрд.-тан астам доллардың келі­сім­шарттарына қол қойыл­ды. Алайда, Қазақстан Пре­зи­­ден­тінің табысты турне­сінен дивидендтер тек ақша­лай көрсеткішпен ғана шек­телмейді. Бұл арада Қа­зақ­станның Ұлыбританиямен және Франциямен ынтымақ­та­с­тығында сапалық тұрғыдан жаңа дәуір басталғаны ана­ғұр­лым маңызды. Осылайша, бұдан былай қарай жетек­ші рөл шикізаттық емес сек­тор­ларға, өңдеуші өнеркәсіпке, жо­ғары технологиялы өнді­ріске берілетін болады.

Лондон және Париж уағ­даластықтарының нәти­жесінде өмірге жолдама алатын жобалар Бес институттық реформаның, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жә­не индустрияландыру бағ­дар­ламаларының негізіне айналады. Қазақстан алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізіп, елімізде жоғары қосымша құн салығы бар жаңа өндіріс орындары пайда болады, жоғары білікті мамандар оқытылады. Қол жеткізілген келісімдерден келетін әлеу­мет­тік тиімділіктің құны да аса жоғары. Жаңа бірлескен Қа­зақстан-Британия және Қа­зақ­стан-Франция жоба­ла­ры­ның арқасында мыңдаған жаңа жұмыс орындары құры­лып, тұтастай өңірлер тұр­ғын­дарының әл-ауқаты артатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарынан соң Еуропада Қа­зақстан туралы «Жаңа Жі­бек жолы» жобасының ше­шу­ші қатысушысы ретінде әңгі­ме айтыла бастады. Еуро­па бизнесінің еліміздің тран­зит­тік әлеуетін пайдалануы да қазақстандықтарға кең ауқымды экономикалық тиімділік әкеледі.

Қазақстан Көшбасшысына деген терең құрметтің белгісі

Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары Ұлыбритания мен Францияның саяси және іскер топтары үшін айтулы оқиға болды. Лондонда және Парижде Мемлекет басшысы үлкен сый-құрмет көрсетіліп, қарсы алынды. Осылайша, Қазақстан Президентінің аса жоғары саяси және моральдық беделі мойындалды.

Ұлыбритания астана­сын­да Қазақстан басшысы Ұлыбритания және Сол­түс­тік Ирландия Біріккен Ко­рольдігінің Патшайымы Ели­завета ІІ-мен кездесті. Бри­тания тәжінің басшысы Ұлыбританияға келген мем­лекет басшыларымен аса сирек кездеседі, тек әлем­дік ауқымдағы аса көр­­­некті саясаткерлер ғана осын­дай құрметке ие бола алады. Букингем сарайында Нұрсұлтан Назарбаевқа жа­салған ерекше қабылдау Қа­зақстан Көшбасшысы мен біздің елімізге деген терең құр­меттің белгісі екені сөзсіз. Бри­­тания монархтарының рези­­денциясында алғаш рет Қа­­зақстанның Әнұраны шыр­қа­лып, қарауыл басшысы ал­ғаш рет қазақ тілінде сәлем берді.

Қазақстан Президентінің Ұлыбритания Премьер-ми­нистрімен кездесуі жылы шырайлы достық рәуіште өтті. Қазақстан Президенті Дэвид Кэмеронды парламенттік сай­лаудағы сенімді жеңісімен құт­тықтап, оған Британия пре­мьерінің елдеріміз ара­сындағы бейбітшілікті, дос­тық пен ынтымақтастықты ны­ғайтуға қосқан орасан зор үлесін танудың белгісі ретінде І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Па­риждегі Елисей сарайында да ерекше сән-салтанатымен қарсы алынды. Мұнда Қа­зақ­стан Президенті құрмет қа­рауылы сапын айналып өт­кен соң, оның басшысының есе­бін тыңдады. Бұл рәсім кел­ген мейманға деген ерекше құрметтің белгісін білдіріп қана қоймай, Франция мен Қа­­зақ­­стан әріптестігінің стра­те­гия­лық сипатын да атап көрсетті.

«Біз ештеңе сұрамаймыз – біз бірлесе табыс табуға шақырамыз»

Қазақстан Президентінің сапары Лондон мен Париждің іскер дегдарлары тарапынан да үлкен құрмет пен шексіз қы­зығушылық туғызды. Қа­зақстан Көшбасшысының британдық және француздық бизнес «капитандарымен» және әлемдік индустриялық алыптар басшыларымен кез­десулері де ине шаншар бос орын жоқ залдарда өтті. Лондонда Royal Dutch Shell, BG Group, Barclays Bank, Vitol Group, De La Rue, Glen­core компанияларының, Парижде Airbus, Alstom Transport, Vicat, Soufflet, Rothschild Group, Veolia Asia, Areva компанияларының басшылары Қазақстан, жиырма жыл ішіндегі адам айтқысыз экономикалық өсім, еліміздің әлеуеті мен шетел бизнесі мен инвесторлары үшін мүмкіндіктер туралы айтқандарын үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы әріп­­тес­теріне әлемдік эко­но­ми­кадағы дағдарысты құбы­лыстарға жедел жауап ретінде ойластырылған Қазақстан экономикасын жаңғыртудың Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жобаларын ұсынды.

Шынтуайтында, Қа­зақ­стан­ның табыстары түсін­діруді қажетсінбейтін еді: «Қа­зақ­станның эконо­мика­лық ғажайыбы» термині ха­лықаралық сарапшылардың сөз қолданысына дамудың тиімді көрсеткіші ретінде айна­лым­ға әлдеқашан еніп үл­герген еді. Оның үстіне, Ұлы­британия мен Франция – көп жылдан бері Қазақстанның инвестиция мен сауда сала­сындағы сенімді әріптесі. Британиялық инвес­торлар Қазақстанға 11,2 млрд., фран­цуздық инвесторлар 11 млрд. доллар салды.

Алайда, біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықта энергетикалық және тау-кен өндірісі салаларына қарай ауытқушылық байқалды. Сон­дықтан, Нұрсұлтан Назар­баев қуат көздеріне баға­ның төмендеуіне байланыс­ты Қазақстанның шикізат­тық емес секторларға, өңдеу­ші өнеркәсіпке, ауыл шаруа­шы­лығына, көлік инфра­құ­ры­лымы жобалары мен «жасыл» технологияларға басымдық бере бастағанына назар аудартты. Дәл осы себепті Ел­ба­сы ақшаны Қазақстан эконо­микасының аталған салаларына салуды ұсынды.

Мәселен, Елбасы фран­цуздық бизнесмендерді ауыл шаруашылығында, әсіресе, ет, сүт, жүн, тері, жеміс-жи­дек өңдеу секілді салаларда жұмыс істеуге шақырды.

– Француздық шарап жа­саушылармен бірге біз Қа­зақ­станның оңтүстігінде жоғары сапалы 2,5 млн. бөтелке шарап шығаратын алғашқы зауытты іске қостық, бұл жұмысты жалғастыру керек. Ауыл шаруашылығы да ұлан-ғайыр аумақ, онда да біз бірге жұмыс істейтін боламыз, – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Лон­донда да, Парижде де бри­та­ниялық және франциялық бизнесмендерді Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұр­ған, Еуропа мен Қытайды, сон­дай-ақ, Тынық мұхиты өңір­індегі басқа да елдер арасын жалғайтын транс­құр­лықтық транзиттік дәліз­ді пайдалануға шақыра келіп, еліміздің транзиттік мүмк­ін­дігі зор екеніне екпін түсірді.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Қытай бастамашылық танытқан кең ауқымды «Жа­ңа Жібек жолының эконо­микалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруға қатысатынын атап өтті.

– Екі теміржол же­лісі бізді Қытай Халық Рес­пуб­­ликасымен байланыс­тыра келіп, Тынық мұхи­тын­­да­ғы порттарға шығады. Контей­нер­лер сол жақтан біздің аума­ғымыз арқылы Еу­ропаға жол тар­тады, – деп суреттеп бер­ді транс­­құр­лықтық дәліз мар­шрутын Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қа­зір­дің өзінде осы бағытпен 250 мың контейнер тасымал­дан­ғанын, ал жақын бола­шақ­та тасымал көлемі екі еселе­нетінін хабарлады. Оның үс­тіне, құрғақтағы транзиттік дәлізді пайдалану жүктерді жеткізу уақытын: теңіздегі 40 тәулікті теміржолмен 12-14 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Оның үстіне Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланудан тек еуропалық бизнес қана пайда тауып қоймайды: елдің көлік арте­рия­ларымен ағылатын жаңа жүк ағындары бүтіндей бір өңір­лердің өміріне жан бітіреді. Ол ондаған мың қазақ­стан­дықтардың қызмет көрсету са­ласында жұмыс табуына немесе өз бизнестерін құруына жағдай жасайды.

Оның сыртында Пре­зи­дент британдық және француз бизнесмендеріне ірі қазақ­стан­дық кәсіпорындарды жеке­ше­лендіруге қатысуды ұсынды. Нұрсұлтан Әбішұлының тағы бір айтқаны Қазақстанда инвесторлар үшін айрықша жағ­дайлар жасау жөніндегі уәде болды.

– Біз Лондоннан ештеңе сұрамаймыз. Біз бар болғаны сіздерді Қазақстанға келіп, біз­бен бірге ақша табуға ша­қы­рамыз, – Нұрсұлтан Назар­баев өзінің Қазақстан-Британ бизнес форуымында сөйлеген сөзін осылай деп аяқтады.

Бұл сөздер Қазақстан Пре­зи­дентінің бизнестің және ин­дус­трияландырудың британ­дық және француз «капитандарымен» түрлі пішіндерде – тет-а-тет, «дөңгелек үстел» ба­сында, тұсаукесер түрінде өткен кездесулерінде талай рет қайталанды. Іс жү­зінде олар Нұрсұлтан Назарбаевтың еуропалық сапа­ры­ның лейтмотивіне айналды. Және барлық кезде де Қа­зақстан Көшбасшысының жоғары беделінің, оның тамаша шешендік шеберлігі мен сендіре білу қабілетінің арқасында қазақстандық тарап келіссөздердің мақсатына жетіп отырды.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жобасын Ұлыбританияның қаржы элитасының мойындауы Қазақстан үшін нағыз жеңіс болды. Нұрсұлтан Назарбаев J Rothschild Capital Management-тің басқарма төрағасы лорд Джейкоб Ротшильдпен ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы базасында АХҚО құру туралы жоспарымен бөлісті. Д.Ротшильд идеяға қолдау көрсетті жә­не Ор­талық Азия өңірі қаржы­лық хабының мәртебеге ие болуының Қазақстан үшін тамаша перспективалар ашатынын атап өтті.

Әлемнің ең ықпалды банк құрылымдарының бірі­нің басшысы қолдау білдір­ген қарардың болуы Қазақ­станның Ұлттық банкіне Ұлы­британияның TheCityUK ассоциациясымен және Еуро­па қайта құру және даму бан­кімен (ЕҚДБ) меморандум бекітуге жағдай жасады. Бұл АХҚО ендігі жерде қаржылық хаб, бүкіл Орталық Азия өңіріне шетел капиталын тартатын орталық ретінде Ұлыбританияның қаржылық және іскерлік топтарында ілгері басады дегенді білдіреді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапарының тағы бір маңызды нәтижесі Ұлы­бри­тания мен Францияның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесіне қатысуға дайын екендігін білдіруі бол­ды. Ал «ЭКСПО-2017» Ұлт­тық компаниясы» АҚ келіс­сөздер нәтижесінде Лондонда «Шелл» корпорациясы атынан көрменің жаһандық әріп­тесіне ие болды.

05(75)

 

06иЛондон мен Париж инвестициялауға дайын

Қазақстан Президентінің ресми сапары алаңындағы келіссөздер қорытындылары нәтижелі болды. Қазақ­стандық делегация өзімен бірге Лондон мен Парижде қол қойылған алдын ала уағ­даластықтардың бүтіндей бір пакетін алып келді.

Индустрияландыру бағ­дарламасы, инфрақұрылымды және өңдеу секторын дамыту бағдарламасы тұрғысынан неғұрлым маңызды болып табылатын кейбіреулерін ғана келтіре кетейік. Осылайша, «Технологиялық даму жө­нін­дегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) Innovator Capital Ltd.-мен өзара түсіністік жө­нінде меморандум бекітті. Осы­лайша, ағылшындық компания ТДҰА-ға болашақта қа­зақстандық кәсіпорындарда енгізілетін технологиялар туралы ақпаратты беруге дайын екендіктерін білдірді.

Оның сыртында Лон­донда қол жеткізілген уағ­да­ластықтардың арқасында британдық инвесторлар Астананы газдандыруға атсалысатын болады. Әңгіме Қа­зақстанның астанасын, сон­дай-ақ, республиканың сол­түстік және орталық өңірлерін газбен қамтамасыз ететін «Са­рыарқа» магистральды газ құбыры бойында газ-тур­биналы электр стансасын салу жөнінде болып отыр.

«ҚазТрансГаз»АҚ-тың бас директоры мен Independent Power Corporation PLC қол қойған меморандум британ­дық әріптестердің Астанада, Қарағандыда, Теміртау мен Жезқазғанда әрқайсысының номиналдық қуаты 400 МВт болатын төрт газ-турбиналы электр стансаларын тұрғызуға 3,1 млрд. доллар салуын қа­растырады.

Бұл жобаның эко­но­ми­калық, әлеуметтік және эко­логиялық мәні орасан зор. Біріншіден, астана мен өңір­лер­дің тұрғындары үнемді және қолайлы жылыту жүйе­сіне қолжетімділікке ие болады. Екіншіден, электр қуа­тын өндіру көлемі артады. Үшіншіден, табиғи газ отын­ның өзге түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, демек, бұл қалалардағы ауа да әлдеқайда таза болады.

Президенттің елорда мен республиканың орталық бө­лігін газдандыру туралы 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында тапсырма бер­генін еске сала кеткен жөн. Бұл жоба «ҚазТрансГаз» үшін басымдықты жобалардың бірі болып табылады. Түрлі нұсқалар мен жобаларды зерттегеннен кейін компания қазіргі уақытта консервация­да тұрған жұмыс істейтін газ құбырларын пайдалану арқылы неғұрлым үнемді жолды таңдады. Соның арқасында газ құбыры құрылысының құны айтарлықтай төмен болады, демек, тұтынушылар үй­леріне де газ қолайлы жағ­дайларда қымбат емес тарифтер бойынша келіп тұрмақ.

Қазақстандық «Бәйтерек» холдингі мен Allur Group және француздық PSA Peugeot Citroën арасында қол қойылған келесі бір келісім болашақта отандық автоөнеркәсіптің нағыз технологиялық серпіліс жасауы үшін жағдайлар туғызады. Уағдаластықтың мәні Peugeot Citroën-ді қос­та­найлық «Сарыарқа Автопром» зауытының қуаттарында то­лық циклді режімде шығару мүм­кіндігін қарастыру болып табылады.

– Экономикалық ортаның өзгергеніне қарамастан, PSA Peugeot Citroën тобы ТМД өңі­­р­інде қабылданған бизнес бағытқа адал күйінде қа­лып отыр. Концерн Қазақ­стан­да коммерциялық және өнер­кә­сіптік қатысуын кеңей­те түсуді жоспарлауда, 2016 жылдың соңына белгі­лен­ген Қостанайда толық цикл­ді өндірісті іске қосу оның шешуші сатысы болмақ. Қазақстанда толық циклді өндірісті іске қосу топтың өңірдегі позициясын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге, автожиынтықтарды жеткізушілерді дамытуға және бүтіндей алғанда сала­ның шоғырлану деңгейін арт­тыруға жағдай жасайды, – деп атап көрсетті PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бер­жеран.

Бұлар да Нұрсұлтан Назар­­баевтың Ұлыбритания мен Фран­цияға ресми са­пары алаң­ында қол жет­кі­зіл­ген бір­лескен жобалар мен өн­дірістердің, уағда­лас­тық­тар­дың толық тізімі емес. Біздің еліміздің алдында энергетика, мұнай-газ, кен өндіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау және қалдықтарды жою саласында жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр.

Париж бен Лондонда қол қойылған жобалар, келісімдер елді индустрияландырудың, «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын жүзеге асыру­дың берік іргетасына айнал­мақ. Қазақстанға зама­науи технологиялар мен өнді­ріс­тер келетін болады. Мыңдаған және мыңдаған қа­зақстандықтар жаңа қазақ­стандық-британдық және қазақстандық-француздық бір­лескен кәсіпорындарда жұ­мыс істеп, оқи алатын бо­лады. Ал «Жаңа Жібек жо­лы» жобасы шеңберінде Қазақстанның транзиттік мүм­кіндіктерін пайдалану бү­тіндей бір өңірлердің эко­но­микасын түрлендіріп, олар­да қызмет көрсету саласы мен бизнесті жандандыра түспек.

Болат МАЙЛИН,

саясаттанушы.

http://egemen.kz/