2
2 мамыр күні Еуропа парламентіне төрт күндік сайлау басталады. Сайлауда Еуропа Одағына (ЕО) мүше 28 мемлекеттен әуелі Ұлыбритания мен Нидерланд азаматтары дауыс береді.

ЕО бойынша 400 миллионға жуық адамның дауыс беру құқығы бар. Олар Еуропа парламентіне 751 депутатты 2014 жылдан 2019 жылға дейінгі бес жыл мерзімге сайлайды.
Депутаттық орын ЕО-ға мүше елдерге халық саны бойынша беріледі. Ең көп депутаттық орындар Германия (96), Франция, Ұлыбритания және Италияның (әрқайсысында 74 орыннан) үлесінде. Шағын елдер — Кипр, Мальта, Эстония және Люксембург алты депутаттан сайлай алады.
2009 жылы Лиссабон келісімі қабылданғаннан кейін бұл жолғы Еуропарламентке сайлау нәтижесі Еуропа комиссиясының президентін сайлауға да тікелей әсер етпек.
http://www.azattyq.org/content/news/25393739.html