АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Eurovision-2013» үшін Ресей есе қайтармақ

Мамырдың 14 мен 18 аралығында шведтік Мальме қаласында «Eurovision-2013» байқауы аяқталды. Өнерде жүрген талай тарландар қатысқан  бәсекеде дат әншісі Эммили де Форест «Only Teardrops» әнімен бас жүлдеге ие болды. Ал, Әзірбайжан әншісі Фарид Мамедов екінші,  украиналық Злата Огневич үшінші орынға ие болды. Ресейліктер болса бесінші орын алды, ал бұл жағдай Ресей билігін кәдімгідей өкпелетіп тастаған тәрізді. Алғашқы  мәлімдемелер де тарап үлгерді.

Ресей сыртқы істер министрі  Сергей Лавров өзінің әзірбайжандық  әріптесі Эльмар Мамедьяровпен кездесу кезінде Қап тауын жайлаған  жұртқа өкпелі екендігін айтты. Сергей Лавров  «Eurovision» байқауында Ресейдің  әзірбайжандық әншіге 12 ұпай бергенін, бұл конкурста берілетін ең жоғарғы ұпай екендігін айтты. Ал, Әзірбайжан жағы ресейлік Дина Гариповаға бірде-бір ұпай бермепті. Лавров Мәскеудің  бұл оқиғаға өкпелеп қалғанын айтты. Дегенмен,  дауыстарды санау кезінде қателік болғандығын да айтты. Тіпті,  шараны ұйымдастырушалардан есе қайтармақ ниеттері бар екендігін де  айтты.
Жебе-ақпарат