АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Фериха» Италияда жеке мейрамханасын ашпақ

vmmТүркия актрисасы Хазал Кая Италияда мейрамхана ашу үшін жанталасып жатыр. Бұл туралы Milliyet.com хабарлайды. Қазақстандық көрермендерге «Генджо», «Тыйым салынған махаббат», «Атыңды Фериха қойдым» телехикаяларымен танылған актриса арманын орындау үшін күн санап жүр. 2014 жылы Италияда арнайы аспаздық курсынан өткен ол алдымыздағы айда мейрамхана ашу үшін сол елге кетпек. Ол тіпті Түркияда түсірілімі болып жатқан «Марал» телехикаясындағы бас рөлден де бас тартқан көрінеді. «Ең үлкен арманым – Италияда тұру. Аспаздық білімімді сол жақта жалғастыра түспекпін. Таяуда Италияда өзімнің жеке мейрамханамды ашамын. Қазір сол арманымды орындау үшін жақсы бір жер іздеп жатырмын», — деді Италия оқу орнының түлегі Кая. Дайындаған: Жақтай Ә.

Источник: http://24.kz