Франция прокуратурасы 2 шілде күні бұрынғы президент Николя Саркозиге «пара алды» және «қылмыстық тергеу кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар тағылғанын хабарлады.
Николя Саркози 1 шілде күні Нантер қаласында ұсталып, коррупциялық қылмысқа қатысты 15 сағатқа жуық тергелгеннен соң айыпталып отыр. 30 маусым күні Саркозидің адвокаты мен екі магистраты тергеуге алынған.
Франциялық ақпарат құралдары 59 жастағы Саркозидің магистраттардың бірінен басқа бір қылмыстық іс бойынша «құпия ақпарат алған» деген күдікке ілінгенін хабарлайды. Кейбір ақпараттар бойынша, Саркозидің сайлау компаниясын Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи қаржыландырған, прокуратура осыны тексеріп жатқан көрінеді.
http://www.azattyq.org/content/news/25442359.html