АЛТЫНОРДА
Новости

Францияда Ресейдің ұлты шешен бес азаматы ұсталды

Францияда Ресейдің ұлты шешен бес азаматы «шабуыл жасауға дайындалды» деген күдікпен ұсталған. Парижде осы айда 17 адам қаза тапқан шабуылдардан кейін елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тексеру жүргізіле бастаған.

Францияның оңтүстігіндегі Безье қаласының мэрі Роберт Менардтың айтуынша, күдіктілер Безье мен Монпелье қалаларының маңында ұсталған. Жергілікті ақпарат құралдары Безьеде стадион маңынан жарылғыш құрылғы табылғаны туралы хабарлады.

Қаңтардың 20-ы күні Парижде бұған дейін арнайы операцияда көзі жойылған Амеди Кулибалиге материалдық-техникалық көмек көрсетті деген күдікпен ұсталған төрт адам сотқа тартылған.

Прокурор күдіктілерге «қару-жарақ сақтау» және «терроризм» бойынша айып тағып, соттан оларды қамауға алуды сұраған.

Кулибали қаңтардың 9-ы күні Париждің шығыс бөлігінде еврей тағамдарын сататын дүкенде бір полицей мен кепілге алынған төрт адамды өлтіріп, кейін өзі оққа ұшқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150121/330/330.html?id=26804975