АЛТЫНОРДА
Новости

ФУТБОЛДАН 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Футбол жанкүйерлері Аргентина астанасының көшелерінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, бірнеше автокөліктерді өртеген. 

Дүйсенбі күні жергілікті телеарна хабарлағандай, жанжал Аргентина біріншілігінің төртінші дивизионының матчында «Док суд» және «Депортиво Лаферрере» командаларының арасындағы ойынның соңғы минуттарында басталған. Кикілжіңді 0:1 есебімен ұтылып қалған «Док суд» клубының жанкүйерлері туындатқан. Нәтижесінде төреші алаңнан кетіп қалуға мәжбүр болған.Стадионнан шыққан соң «Док судтың» ашынған жанкүйерлері полицейлерге тас лақтырып, басшылар мен қонақ команданың футболистерінің машиналарын өртеген. Бұзақыларды басу үшін тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды пайдаланды. Аргентиналық БАҚ мәліметтері бойынша тәртіпсіздік салдарынан 5 адам зардап шеккен.

http://www.aikyn.kz/articles/view/47581