АЛТЫНОРДА
Новости

G – 7 саммиті. Путиннің орнына Назарбаев. Қазақстанға қатысты санкция болмайды.

серик малеевГаагадағы ядролық қауіпсіздік форумы аясындағы G – 7 бейресми саммиті ешқандай тосынсыйсыз өтті. Бұл жолы өкілді жиынға ресейлік президент Владимир Владимирович Путин шақырылмады, бірақ есесіне планетадағы жетекші елдердің басшыларымен сұқбаттасуға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шақырылды.

— Батыстың экономикалық санкциялары бізге тимейді, — деп мәлімдеді мемлекетіміздің Басшысы самиттен кейінгі баспасөз мәслихаты барысында шетел журналистерінің сұрақтарына жауап беру кезінде.

Мұның, әлбетте, өз мәні бар. Өйткені Қазақстан Қырымды аннекциялауға қатысқан жоқ, ендеше, көршіміздің істеген ісіне біз ешқандай жауап бермейміз. Еліміздің көшбасшысы халықаралық келісімдерді сақтау қажеттігін мәлімдей отырып, ресейлік тараптың ұстанымын жанама айыптады. Назарбаев Қырымдағы жағдай бойынша халықаралық қауымдастықтың бірауызды пікір танытуы, бүгінгі таңда халықаралық ережелер мен келісімдерді осылай именбестен бұзу ешкімге кешірілмейтіндігін көрсетті, деп атап өтті.

Дегенмен мемлекетіміздің Басшысы көрші Ресейдегі ахуалдың жалпы нашарлауының бір ұшы бізге тиуі мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. Осы орайда, біздің еліміздің Ресейді айналып, еуропалық нарыққа шығуын әртараптандыру бізге қорғаныс болуы мүмкін. «Мен осы жылдарда көпвекторлық саясатты жүзеге асырдым және түрлі векторлық жолдар таптым. Қараңыздаршы: қазір біздің Ресеймен саудамыз жылына $25 млрд, ҚХР-мен  $28 млрд. құрайды. Кеше біз  төраға Си Цзиньпинмен кездестік, мамырда менің ресми сапарым болады, біз Қытаймен сауданы $40 млрд. дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз», — деп түсіндірген мемлекет басшысы, бүгінде Қазақстан–Түркіменістан–Иран–еуропа елдері трансұлттық теміржол құрылысының аяқталып жатқанын жеткізді. «Сондай–ақ Каспий арқылы төртінші жол бар», деп атап өтті президент.

Сөйтіп, мемлекетіміздің Басшысы Ресей мен батыс мемлекеттері арасындағы қарым–қатынастардың нашарлауынан қауіптенген республика халқын тыныштандырып, миллиондаған қазақстандықтарды Батыс санкцияларының бізге тимейтініне иландырды.

Аудурған Қайрат Матреков