Астана. 31 наурыз. Baq.kz – Әлемдік климаттың өзгерісін зерттеумен айналысатын сарапшылар адамзатты жағымсыз өзгерістер күтіп тұр деген болжамын мәлімдеді.
Алдағы бірнеше жылда адамзат баласын қажетті азық-түлікпен қамтуда үлкен қиындықтар туады дейді ғалымдар.Өйткені, бүкіл әлемде ауа температурасының жылынуы егістік түсімінің әлдеқайда азаюына әкеліп соғады дейді сарапшылар.
Сонымен қатар, жүздеген миллион адам жұқпалы індет пен түрлі аурулардың және су тасқынының құрбанына айналуы мүмкін.
Осы жайттардың барлығы әлемде саяси тұрақсыздыққа алып келеді. Алайда, уақыт өте адамдар бұл өзгерістерге де бейімделіп, бірнеше жылда жағдай қайта қалпына келеді дейді мамандар.
http://baq.kz/kk/news/45211